Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Асхат Оралов Түркістан облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді
Асхат Оралов Түркістан облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді
17-02-2023

Бұл жөнінде әлеуметтік желідегі парақшасында жазған министр: «Құрметті достар! Мәдениет және спорт министрі ретінде алғашқы есеп беру кездесуін өткіздім. Жұмыс сапары Қазақстанның рухани астанасы – Түркістан қаласынан басталды», - деп атап өтті.
Минстрдің сөзінше, өңірдегі кездесуге 400-ден астам тұрғын қатысқан. Олардың ішінде мәдениет, спорт және туризм салаларының қызметкерлері, журналистер, ЖОО оқытушылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері және қоғам дамуына бей-жай қарамайтын азаматтар бар. Кездесу 2 сағаттан астам уақытқа созылды. Уақыттың көп бөлігі тұрғындардың сұрақтарына жауап беруге арналды.

«Күн тәртібінде ономастикалық комиссия жұмысының тұжырымдамасын жаңарту қажеттілігі, Түркістан облысының шағын елді мекендерінде спорт клубтары мен мәдениет үйлерін салу, «Тұран» балалар футбол академиясын қолдау, спорт академиясы оқытушыларының еңбекақысын көтеру, спорттық және мәдени мекемелердің жұмысын бағалау мен қаржыландыру кезінде рейтингтік жүйені енгізу, жас спортшыларға арналған жатақханалар салу, Түркістан туризм университетінде өткен жылы тоқтатылған гранттар беруді қайта жаңғырту сияқты тақырыптар көтерілді.

Есепті кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау да өткізілді.

Сондай-ақ министрлік жүргізіп жатқан жұмыс және алдағы жоспарлар туралы айтып бердім.

Біз спорттық инфрақұрылымды белсенді дамытып келе жатырмыз: 2025 жылға қарай 113 спорт нысаны салынып, 26 спорт нысаны жөнделеді.

Сондай-ақ, Түркістанда 15 мәдени нысанды жөндеу және 3 мәдени нысан салу жоспарда тұр.

Рухани астанамыз Түркістанның өсіп-өркендеуіне бей-жай қарамайтын тұрғындарына ашықтығы және сындарлы ұсыныстары үшін алғыс айтамын» - деді Асхат Оралов.

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы