Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / 2023 жыл – Мағжан жылы деп жарияланды
2023 жыл – Мағжан жылы деп жарияланды
17-02-2023

Солтүстік Қазақстан облысында ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегерлері марапатталды. СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы баспасөз қызметінің жазуынша, биыл Қызылжар тумасы, ақиық ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл. Осыған орай өңірде мерейтойға орай іс-шаралар өтіп жатыр.

СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 1-10 ақпан аралығында «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы жарияланды. Оған еліміздің барлық өңірінен 20-50 жас аралығында 90 ақын шығармаларын ұсынды. Ереже бойынша мүшәйраға Мағжанның ақындық, қайраткерлік тұлғасын паш ететін бір өлең, еркін тақырыптағы бір өлең ұсынылды.

Кабылданған шығармаларды Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы, белгілі журналист-жазушы Жарасбай Сүлейменов бастаған қазылар алқасы сараптап, жеңімпаздарды анықтады.

15 ақпанда Петропавлда салтанатты марапаттау кешінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған 9 ақынға Мағжан Жұмабаев атындағы тұңғыш әдеби сыйлық табысталды. Сыйақы мөлшері – 300 мың теңге.

Марапатталғандар: Танагөз Толқынқызы, Бауыржан Қарағызұлы, Абылай Мауданов, Мерей Қарт, Нұргүл Оқашева, Аманжол Зағыпар, Арайлым Мұраталиева, Қуаныш Оспан, Дәулет Жадырасын.

«Мен үшін қазақ элитасының ең бір бетіне шыққан қаймағы бұл – алаштықтар, соның бір жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаев. Ол - өзім жақсы көретін, өзім ғашық, өзім төбеге көтеріп оқитын ақындарымның бірі. Жалпы мен мүшәйраларға қатыспаймын, бірақ бұл іс-шараға өзімнің ұстаныма қарсы шығып, келіп отырмын», - деді Танагөз Толқынқызы.

Сондай-ақ салтанатты кеште осы жыл өңірде Мағжан жылы деп жарияланды.

Мәдениет порталы

 

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы