Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Мәдениет және спорт министрлігінің апталық жұмысына шолу
Мәдениет және спорт министрлігінің апталық жұмысына шолу
20-02-2023

Асхат Оралов Түркістан қаласында облыс тұрғындарының алдында есеп беру кездесуін өткізді. Азаматтар спорт клубтары мен мәдениет үйлерінің құрылысы, балалар футбол академиясын қолдау, спорт академиясы оқытушыларының еңбекақысын көтеру және тағы да басқа ұсыныс-пікірлер көтерді. Министр сұрақтарға жауап беріп, министрліктің атқарған жұмысы мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді. Есеп беру кездесуінен кейін министр азаматтарды жеке қабылдады. Асхат Оралов спорттық инфрақұрылымды дамыту қолға алынғанын айтты. 2025 жылға дейін 113 спорт нысаны салынып, 26-сы қайта жөнделеді. Түркістанда 15 мәдени нысанды жөндеу және 3 мәдени нысанның құрылысы жоспарланып отыр.

Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Асхат Оралов өңірдегі мәдени, спорттық және туристік нысандарды аралады. Алдымен ескек есу каналының құрылысымен танысты. Нысан Олимпиада мен әлем чемпионаттарының стандарттарына сай салынып жатыр. Болашақта мұнда ірі халықаралық турнирлер өткізілетін болады. Министр Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, студенттермен, оқытушылармен сөйлесті. Жергілікті ақсақалдармен бірге Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап, зиярат жасады. Сондай-ақ, Гаухар ана кесенесі аумағында салынып жатқан визит-орталықтың құрылысын бақылады. Жұмыс сапары аясында өңірдегі шығармашылық ұжымдармен кездесіп, мәдени нысандардың жағдайымен танысты.

Асхат Оралов халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) Президенті Аркадий Дворкович бастаған ресми делегациямен кездесті. Кездесу барысында көктемде Астанада өтетін шахматтан әлем чемпионатын ұйымдастыру және елімізде FIDE қамқорлығымен өзге де іс-шараларды өткізу мәселесі қаралды. Мысалы, әлемнің үздік жасөспірімдерінің қатысуымен өтетін турнир және қазақстандық жас шахматшыларды тарта отырып өткізілетін жарыстар. Министр бұл іс -шаралар еліміздің кішкентай чемпиондары үшін құнды тәжірибе болатындығын атап өтті.

Асхат Оралов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс мырзамен кездесті. Кездесуде екі мемлекет арасындағы мәдениет және спорт саласындағы ынтымақтастық пен алдағы жобалар талқыланды. Атап айтқанда, тараптар Луврда қазақ өнерінің көрмесін, сондай-ақ артистеріміз бен шығармашылық ұжымдарымыздың қатысуымен Парижде ауқымды концерт өткізу туралы пікір алмасты. Өз кезегінде Канесс мырза Француз киноиндустриясы Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Мәдениет және спорт министрлігі биыл тағы үш визит-орталықтың құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Ол «Сауран», «Гаухар-ана» және «Ордабасы» туристік оралықтары. Визит-орталықтар бірінші кезекте ғылыми, мәдени, ақпараттық кешен ретінде пайдаланылатын болады. Мұнда туристер үшін барлық қолайлы жағдай жасалады.

Еліміздің танымал жеңіл атлеті Ольга Рыпакова спорттық мансабын аяқтады. Ол үш қарғып секіруден Лондон олимпиадасында алтын, Бейжің олимпиадасында күміс және Бразилияда өткен олимпиадада қола медаль жеңіп алған даңқты спортшы. Сонымен қатар жабық кешендегі жарыстардан Әлем чемпионы және континентальды кубоктың жеңімпазы, Азия ойындарының бес дүркін жүлдегері. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Ольга Рыпаковаға көп жылғы еңбегі мен айтулы жеңістері үшін құрмет көрсетіп, Премьер-министрдің атынан Алғыс хат табыстады.

Астанада жабық кешенде жеңіл атлетикадан X Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан бұл турнирді алғаш рет өз алаңында өткізді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спортшылар ел үмітін ақтады. Ел құрамасының қоржынына 12 медаль түсті, оның 6- алтын, 3-күміс және 3- қола. Келесі Азия чемпионаты Тегеранда өтеді.

Басқа жаңалықтар
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
23-04-2024
23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық кұқық күніне»
23-04-2024
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы