Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Түркі-қазақ болашағы үшін күрес және Қабылбек Сарымолдаев» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
«Түркі-қазақ болашағы үшін күрес және Қабылбек Сарымолдаев» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
20-02-2023

17 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Орталық мемлекеттік архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қабылбек Сарымолдаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Түркі-қазақ болашағы үшін күрес және Қабылбек Сарымолдаев» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияда Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыс бағыттары, Түркістан (Қоқан) автономиясы мен Алашорда үкіметінің арақатынасы, Алаш автономиясын жариялау, Қазақстанның Түркістан өлкесіндегі алапат ашаршылық және оған қарсы күрес, Т.Рысқұлов басқарған Мұcылман бюросының қызметі, Жетісудағы жер-су реформасы және оның нәтижелері, Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық мемлекеттік межелеу, қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ «Қабылбек Сарымолдаев: құжаттары мен материалдар жинағы» атты ғылыми еңбектің тұсаукесер рәсімі өтті.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға Қабылбек Сарымолдаевтың туыстары, ғалымдар, тарихшылар, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, архившілер, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Басқа жаңалықтар
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы