Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасындағы мерейтой
Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасындағы мерейтой
20-02-2023

А.Осмонов атындағы Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасының Абай залында көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы, драматург, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Түркі әлемінің детектив жанрының дарабозы» атты еске алу кеші және безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен белгілі кемелтанушы, зерттеуші Айжігітов Бақтығали Cақымқожаұлының бастамасымен және А.Осмонов атындағы Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасының қолдауымен ұйымдастырылды.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы Б.Қ. Оспанова бастаған қазақстандық делегация құрамында белгілі кемелтанушы Б.С.Айжігітов; термеші, жыршы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ радиосындағы «Інжу-маржан» бағдарламасының авторы Қ.М.Зарлиев; «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосының Алматы филиалының жетекшісі Б.Жағыпарұлы; ақын Талант Арынғали және Ұлттық кітапхана мамандары: Қ.М.Изамбекова, Ж.А.Әбдікерімова, Е.С.Қабдрашидов барды.

Іс-шараны «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосының Алматы филиалының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы жүргізді. Мәдени шараның ашылу салтанатын айтыскер ақын Талант Арынғали арнаумен бастап, Қазақстан Елшілігінің кеңесші-елшісі Асхат Сыздықов, Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Мәдени мұраны сақтау және дамыту басқармасының бас маманы Алмаз Мұратбеков, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова, А.Осмонов атындағы Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Нурия Байсакова, кемелтанушы Бақытқали Айжігітов, термеші, жыршы, Қазақ радиосындағы «Інжу-маржан» бағдарламасының авторы Қошан Мұстафаұлы сөз сөйледі.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Түркі әлемінің детектив жанрының дарабозы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде автордың шығармалары, оның редакторлығымен шыққан журналдар, мерзімді басылымдардағы мақалалары мен жарияланымдары, өмірі мен қызметі туралы материалдар ұсынылған. Кеште «Хабар» телеарнасы түсірген Кемел Тоқаевқа арналған «Өнегелі өмір» атты деректі фильмінің көрсетілімі ұсынылып, айтыскер ақын, Қазақ радиосындағы «Кітапхана» бағдарламасының жүргізушісі Талант Арынғали Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен іс-шараны қорытындылады. Сонымен қатар, Қазақстанның мәдени мұрасын басқа елдерде насихаттау мақсатында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова кітапхананың айырбас-резервтік қорынан «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген 260 дана кітапты Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартты. Сондай-ақ, аталмыш кітапхана қорына кемелтанушы, зерттеуші Бақытқали Айжігітов «Кемел ағаның аманаты» кітабы мен «Кемелтану бағдарламасы» оқу құралын және термеші Қошан Мұстафаұлы «Інжу-маржан» хабарының Жолбарыс биге арналған шығарылымының аудиожазбасын сыйға тартты.

Өз кезегінде, А.Осмонов атындағы Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасының атынан Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Мәдени мұраны сақтау және дамыту басқармасының бас маманы Мұратбеков Алмаз Үсенұлы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығыа арналған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін қазақстандық делегация мүшелеріне зор ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорына кітаптарды сыйға тартты.

Басқа жаңалықтар
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
23-04-2024
23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық кұқық күніне»
23-04-2024
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы