Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Бүгін белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлының туған күні
Бүгін белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлының туған күні
21-02-2023

Бауыржан Бабажанұлы 1969 жылы 21 ақпанда Қарақалпақстан Республикасының Мойнақ ауданында дүниеге келген.

1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетін бітірді.

Еңбек жолын 1995-1996 жылдары ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастады.

1996-1999 жылдары «Жалын» журналында, «Ана тілі» – «Жалын» бірлескен басылымдарында бөлім меңгерушісі, 2000 жылы «Алтын Орда» тәуелсіз апталығында бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеген.

Оның өлеңдері «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар антологиясы» ұжымдық жинақтарына енген. Ал «Аспан мен жердің арасы» атты тұңғыш жыр жинағы 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен жарық көрді. Одан кейін 2006 жылы «Жазушы» баспасынан «Уәде» атты кітабы шықты.

2003 жылы өткен халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша бас жүлде иегері. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Қазір халықаралық «Túrkistan» газетінің бас редакторы.

 

Басқа жаңалықтар
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
23-04-2024
23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық кұқық күніне»
23-04-2024
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы