Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Тікелей эфирде Баспа ісі және «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы туралы айтылды
Тікелей эфирде Баспа ісі және «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы туралы айтылды
22-02-2023

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Баспа ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, баспа ісі және «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы туралы сұрақтарға жауап береді.

Спикер сөз басында мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптар туралы жан-жақты мағлұмат беріп өтті. Сондай-ақ, ол сөз барысында «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасына кеңірек тоқталды.

«Жаңа қазақ әдебиеті» - бұрын ешбір жерде жарияланбаған өте құнды еңбектер. Біз бұл көркем әдебиеттер мен рухани әрі елеулі құбылыстарға арналған кітаптарды бөлек сериямен шығаруды қолға алдық. Былтыр осы бастамамен 10 кітапты жарық көрді. Ол он кітап 30 мың данамен басылып, еліміздің түпкір-түпкіріне тарады. Биыл 14 кітапты «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен шығарамыз, - деді Алмаз Мырзахмет.

Мырзахметтің айтуынша, бастама жас қаламгерлердің есімін танытып, әдеби туындыларымызды байытып жатыр.

«Мәселен, серияда Әлия Дәулетбаева, Қанат Әбілқайыр және кейінгі жырларымен халықтың ыстық ықыласына бөленген Маралтай Райымбекұлының еңбектері бар. Біз биыл көктемде Жаңа қазақ әдебиеті сериясымен шыққан кітаптардың тұсаукересін өткізуді жоспарлап отырмыз. Министрліктің жобасына Президенттің өзі келеді деп күтілуде. Одан бөлек, еліміздің белгілі жазушылары мен ақындарын шақырып, жыр жәрмеңкесін жасағымыз келеді», - деді ол.

Басқа жаңалықтар
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
23-04-2024
23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық кұқық күніне»
23-04-2024
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы