Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Астанада Бейбарыс сұлтан атындағы көше ашылды
Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Астанада Бейбарыс сұлтан атындағы көше ашылды
25-02-2023

Астанада Бейбарыс сұлтан атындағы көшенің ашылу салтанаты өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған салтанатты іс-шара тарихи тұлғаның 800 жылдығына орайластырылды. Асхат Оралов ашылу салтанатына қатысты.

«Бұл күнге біз өте мұқият дайындалдық. Оның маңыздылығын ескере отырып, мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның астанасында көрнекті қолбасшының есімін мәңгілікке қалдыру туралы шешім қабылдады», - деді министр.

Жан-жақты талдаудан кейін таңдау Сарыарқа ауданындағы №189 көшеге түсті. Бұл ұзындығы 2 км-ден асатын алты жолақты көше.

«Осындай ауқымды іс-шаралармен біз Бейбарыс сұлтанның мерейтойын атап өтіп қана қоймай, біздің де, бүкіл түркі тарихы үшін де маңызды тұлғаға құрмет көрсетеміз. Оның тағылымды істерімен жас ұрпақты таныстырамыз. Бейбарыс сұлтан есімін халық жадында мәңгі сақтаймыз», - деп атап өтті Асхат Оралов.

Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған акциялар мұнымен бітпейді. Биыл Мәдениет және спорт министрлігі атаулы күнге орай бірқатар іс-шараларды жоспарлап отыр. Олар бүкіл елімізде және одан тыс жерлерде өтеді.

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы