Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Күлпет» романының тұсаукесері өтті
«Күлпет» романының тұсаукесері өтті
26-02-2023

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Mecenat.kz әдеби байқауының тұңғыш жеңімпазы, жазушы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесері өтті.
«Күлпет» романы Қазақстанның социализм дәуіріндегі кезеңінен бастап қазіргі күнге дейінгі тарихын басты кейіпкер Әбужан Райысовтың өмірі мен тағдыры арқылы суреттейді. Роман туған жерге деген махаббат пен шынайы патриотизм, қазақ әйелінің адалдығы, ұлттық дәстүрді сақтау сияқты құндылықтар арқылы бүкіләлемдік сұрақтарға жауап іздейді.

Іс-шараны «Азияның Шығармашылық Богемиясы» бірлестігінің жетекшілері Гүлнара Жандыбаев және Алма Нутушова құттықтау сөзбен ашты.

Шарада мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Бердібек Сапарбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Смағұл Елубай, Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актері Досхан Жолжақсынов «Күлпет» романы жайлы өз пікірлерімен бөлісіп, кітаптың тұсаукесер рәсімін жасады.

Шығармашылық кездесуде «Күлпет» романының авторы Шархан Қазығұл, Mecenat.kz әдеби байқауының құрылтайшысы Ерлан Асқарбеков, «Kitapfest» кітап фестивалін ұйымдастырушы Бекнұр Қисықов, сөз сөйлеп, алдағы жоспарлармен бөлісіп, осы жобаларды ұйымдастыруда қолдау көрсеткен әдебиет жанашырларына алғыстарын жеткізді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері Шархан Қазығұлды арнайы құттықтай келіп, әсем әнмен шашу шашты.

Басқа жаңалықтар
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
23-04-2024
23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық кұқық күніне»
23-04-2024
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы