Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Қаламгерге көрсетілген құрмет
Қаламгерге көрсетілген құрмет
28-02-2023

Қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі, жазушы-драматург Әкім ағаның (Әкім Тарази) шаңырағына Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов екеуміз арнайы бас сұғып, абыз ақсақалмен амандасып қайттық, - деп жазды ҚР Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Бұйырса, көрнекті қаламгердің биылғы жылы атап өтілетін 90 жасқа толатын мерейтойын лайықты өткізу мәселелерін ақылдастық. Ақсақалдың асыл жары, дарынды драматург Роза апай (Роза Мұқанова) Әкім ағаны аялап күтіп отырғанына сүйсіндік. Дастархан басында ұлт руханияты мен төл әдебиетіміздің өткені мен бүгіні жайында өрелі әңгіме өрбіді. «Жақсыменен өткізген жарты сағат, жаманның өтіп кеткен ғұмырындай» деген сөз рас екен. Алла тағала қуат беріп, жүз жасаңыз Әкім аға!» - дейді ол. Бұл жөнінде жазушының жары, белгілі қаламгер Роза Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында: «Аяулы бауырлар ағаларына еркелей келіп, шаңырақты шаттыққа бөлеп жүргенге не жетсін! Қазақтың сән-салтанаты - бірін- бірі аялап, құрмет тұтуында. Жадырап келіп, қанатын жайып жүретін ізгі ниетті БАУЫРЛАРЫМА АЛҒЫС айтамын!» - деп, жылы лебізін білдірді.

Басқа жаңалықтар
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы