Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Әйелдің әсем әлемі» атты мерекелік іс-шара өтеді
«Әйелдің әсем әлемі» атты мерекелік іс-шара өтеді
02-03-2023

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен жазушы, драматург, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Роза Мұқанованың, танымал театр және кино артисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры Ләйлә Ақназарқызы Бекназардың және Биологиялық қауіпсіздік саласындағы көрнекті ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Күнсұлу Дальтонқызы Закарьяның жеке қорларын Ұлттық архив қорына қабылдау салтанатына арналған «Әйелдің әсем әлемі» атты мерекелік іс-шарасы өтеді.

Іс-шараға Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің кавалері Меруерт Өтекешова, Қазақстан халық артисі, Құрмет орденінің иегері Тілектес Мейрамов, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры Айболат Жаудыр, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Асылхан Сәулебек, ҚР мәдениет қайраткері Шамшия Балтаева, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайберген және басқа да қоғам және мәдениет қайраткерлері, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы, БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, іс-шара барысында үш кейіпкердің жеке тектік қорларынан құралған көрме ұйымдастырылып, олардың өмір жолына арналған шағын бейнебаяндар көрсетіледі.

Қосымша ақпарат үшін: +7 707 744 13 43

 

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы