Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Бүгін - Дүниежүзілік Жазушылар күні
Бүгін - Дүниежүзілік Жазушылар күні
03-03-2023

Бүгін Халықаралық жазушылар күні. Бұл кәсіби мейрам жыл сайын 3 наурызда тойланады. Бұл атаулы күн 1986 жылғы қаңтардың 12-18-і аралығында өткен Халықаралық ПЕН-клубтың 48-ші конгресінің шешімімен атап өтіледі.

ПЕН-клубтың негізі 1921 жылы қаланды. Ұйымның атауы - ағылшын сөзінің бірінші әрпінен құралған poets - ақындар, essayists - эссешілер, novelists - новеллашылар аббревиатурасы. Бұл қысқартылған сөз ағылшын тілінен аударғанда pen - қалам сөзімен сәйкес келеді.

Ұйым атауы ағылшындық жазушы Кэтрин Эми Доусон-Скоттқа тиесілі. ПЕН-клубтың алғашқы президенті - Джон Голсуорси. 1923 жылы Лондонда ПЕН-клубтың алғашқы халықаралық конгресі өтті. Сол уақытта ПЕН-орталық әлемнің 11 елінде бар болатын. Ал қазір дүниенің 130 елінде, соның ішінде Қазақстанда да бар.

ПЕН-клуб - халықаралық жазушылар бірлестігі, оның Хартиясында «әр елдің ішіндегі және барлық елдер арасындағы ақпарат бостандығы принциптерін қорғауға жақтасу» деп көрсетілген.

Қазақстанда 800-ден астам отандық кәсiби әдебиетшілерді бiрiктiретiн қоғамдық, шығармашылық ұйым - Қазақстан Жазушылар одағы жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының бастауында мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллин тұрды. 1925 жылы республикада жас дарындарды біріктіретін және оларды қолдайтын Қазақстанның пролетарлық жазушылар қауымдастығы құрылды, ол 1934 жылы Қазақстанның кеңес жазушылары одағы болып өзгертілді.

Бұл ұйымды 80 жыл бойы Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ғаббас Тоғжанов, Сәбит Мұқанов, Мұхамеджан Қаратаев, Дихан Әбілев, Әбділда Тәжібаев, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов, Әди Шәріпов, Әнуар Әлімжанов, Жұбан Молдағалиев, Олжас Сүлейменов, Қалдарбек Найманбай, Нұрлан Оразалин сынды марқасқалар басқарды. Қазіргі таңда Ұлықбек Есдәулет төрағалық етеді.

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы