Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Алматыда «Ақтүннің» тұсауы кесілді
Алматыда «Ақтүннің» тұсауы кесілді
03-03-2023

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ақын,, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері Бауыржан Әліқожаның жақында ғана жарық көрген «Ақтүн» жыр жинағының тұсаукесер кеші өтті.

Кешті аталған оқу орынындағы Журналистка факультетінің деканы, ақын, жазушы Нұржан Қуантайұлы ашып, ақын шығармашылығы мен азаматтығы туралы ойын ортаға салды. Сонымен қатар, белгілі ақын-жазушылар, Байбота Қошым-Ноғай, Болат Әбенов, Дәулетбек Байтұрсынұлылар кеш иесінің жаңа кітабына құтты болсын айтып, ақ жол тіледі.

Университеттегі Фараби кітапханасының үлкен залында өткен шарада танымал әнші – композиторлар Өктем Алтаев, Төлжанбек Жақсыбаев, Сакен Дарибаев, Дәуір Сағындықұлы, Нұржан Абай сынды әншілер кеш иесінің сөзіне жазылған әндерін орындады.

Арасында ақын өлеңдерін университеттің журналистика факультетінің бір топ студенттері сахнаға шығып оқып берді.

Кітаптың тұсауын Халықаралық «АЛАШ» әдеби сыйлығының лауреаттары Байбота Қошым-Ноғай, Темірғали Көпбай, Нұржан Қуантайұлы, профессор Кәкен Хамзин, Клара Қабылғазина, Сағатбек Медеубекұлы және «Раритет» баспасының бас директоры Диана Шуканова мен Заң ғылымдары академиясының академигі Абдукахар Сейтжановтар кесті.

Жаңа кітаптың таныстырылымына арналған кешті Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ақын Бекжан Аширбаев жүргізіп отырды.

Дереккөз: aikyn.kz

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы