Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / ҚР Ұлттық архиві көрнекті әйелдердің жеке қорларынан алынған құжаттармен толықтырылды
ҚР Ұлттық архиві көрнекті әйелдердің жеке қорларынан алынған құжаттармен толықтырылды
06-03-2023

Халықаралық әйелдер күніне орай ҚР Ұлттық мұрағатында «Әйелдің әсем әлемі» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараның аясында архив қорына Роза Мұқанова, Лейло Бекназар-Ханинга және Күнсұлу Закарияның жеке қорларынан құжаттар енгізілді.

Роза Мұқанова – жазушы, сценарист, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық кинофестивальдердің бірнеше дүркін лауреаты. Оның «Мәңгілік бала бейне» пьесасы 18 жыл қатарынан театр сахнасынан түспеді және көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

Лейло Бекназар-Ханинга – көптеген қойылымдарда басты рөлдерді сомдаған танымал театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы, профессор.

Күнсұлу Закария – биология ғылымдарының докторы, профессор, жаратылыстану ғылымдары Академиясының толыққанды мүшесі, Ресей Федерациясы жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі. Ол 200-ден астам ғылыми жобаның авторы. Ол QazVac коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны жасаушылардың бірі.

«Бүгін біз ғылым мен өнерге баға жетпес үлес қосқан үш көрнекті әйелге құрмет көрсетіп отырмыз. Біз бұл жәдігерлерді қорғауға міндеттіміз. Бүгін біздің архивімізді толықтырған құжаттар келесі ұрпақ үшін ерекше тарихи құндылыққа ие болатынына сенімдімін», - деді ҚР МСМ архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш.

Іс-шара аясында үш көрнекті қайраткердің жеке қорынан экспонаттар қойылған көрме де өтті.

 

Басқа жаңалықтар
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы