Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Көрнекті қаламгер Роллан Сейсенбаев «Асыл сөз» жобасында қонақта болды
Көрнекті қаламгер Роллан Сейсенбаев «Асыл сөз» жобасында қонақта болды
08-03-2023

Көрнекті жазушы Роллан Сейсенбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының «Асыл сөз» жобасына қонаққа келді. Сөз зергерімен өткен келелі сұхбатты Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекетті кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов жүргізді.

Әлемге әйгілі қаламгер кездесу барасында талай әңгіменің тиегін ағытып, талай сырымен бөлісті. Қаламгердің бала күннен басталған әңгімесі Семейдегі атом бомбасы жарылған қасіретпен жалғасып, талай ащы шындық айтылды.

Жазудың мехнаты мен сыры, әдебиеттің бүгінгі дамуы мен болашағы тілге тиек етілді.

Еркін форматтағы кездесуде Кітап палатасы ұжымының қызметкерлері жазушыға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, әңгіме көркі одан сайын қызды.

Жоба асында қаламгердің жарық көрген кітаптарынан арнайы көрме ұйымдастырылды.

«Асыл сөз» жобасы аясында көрнекті қаламгер Роллан Сейсенбаевпен өткен кездесудің толық нұсқасын алдағы уақытта баспасөз беттерінен оқып, арнайы Youtube арнамыздан көре аласыздар!

Басқа жаңалықтар
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
23-04-2024
23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық кұқық күніне»
23-04-2024
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы