Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мәдениет, спорт және архив саласының өкілдері мен ардагерлеріне Мемлекет басшысының құттықтау хаты табысталды
Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мәдениет, спорт және архив саласының өкілдері мен ардагерлеріне Мемлекет басшысының құттықтау хаты табысталды
07-03-2023

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов халықаралық әйелдер мерекесіне орай сала өкілдері мен ардагерлеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады.

Министр халқымыз әр кезде де қыздарды аялап, ананы ардақ тұтып, әйелді құрметтегенін айтты. Бүгінде аруларымыз отбасымен қатар қызметті де алып жүріп, үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Мәдениет және спорт министрлігі мен мекемеге қарасты ұйымдарда 15 мыңға жуық адам жұмыс істесе, соның 10 мыңы әйелдер мен қыз-келіншектер. Мәселен, Ұлттық архив ұжымының 80 пайызын әйелдер құрайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде аруларымызды көктемнің көрікті мерекесімен құттықтауға арналған іс- шаралар өтіп жатыр. Қызғалдақтай құлпырып, жауқазындай жайнап жүретін әйел затымен барша әлем мейірімге бөленеді. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп отырған аналар тәуелсіз еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді»,- деді Асхат Оралов.

Мереке қарсаңында министрдің қолынан Мемлекет басшысының құттықтау хатын алғандардың қатарында әнші Димаш Құдайбергеннің әжесі – Миуа Мүбарақшақызы, жазушы, журналист - Шәрбану Бейсенова, Қазақстанның Еңбек Ері, әнші - Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, педагог – Тойған Оспанқызы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы – Раушан Мұсақожаева, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова және мәдениет, спорт, архив саласының өзге де ардагерлері мен қызметкерлері болды.

«Мәдениет, әдебиет, өнер саласындағы әрқайсымыздың еңбегімізді елеп-ескеріп, осындай мерекелік көңіл-күй сыйлап жатқандарыңызға рахмет. Бұл ұрпақтар сабақтастығының шын мәніндегі көрінісі. Ел игілігі үшін аянбай қызмет етіп жүрген барша азаматқа амандық тілеймін»,- деді жазушы Шәрбану Бейсенова.

Басқа жаңалықтар
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
23-04-2024
23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық кұқық күніне»
23-04-2024
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы