Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Үндістандағы «Хаттар» фестивалі
Үндістандағы «Хаттар» фестивалі
13-03-2023

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Үндістан Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы 2022-2025 жылдарға арналған мәдени алмасу бағдарламасы аясында Қазақстан жазушылар делегациясы Үндістанға әлем ақын-жазушыларының, аудармашылардың, баспагерлердің басын қосатын «Хаттар» фестиваліне қатысып жатыр.

Қазақстандық делегация құрамында Қазақстан Жазушылар одағының және Түркі халықтары Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, ақын Танакөз Толқынқызы, «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Исабеков, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Баспа ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет бар.

Делегация іс-сапардың алғашқы күні Sahitya Akademi сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты. Құрметті қонақтарды қабылдау, марапаттау рәсімі академияның Камани аудиториясында өтті.

Басқа жаңалықтар
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
23-04-2024
23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық кұқық күніне»
23-04-2024
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы