Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Хаттар» фестиваліндегі кездесулер
«Хаттар» фестиваліндегі кездесулер
16-03-2023

Үндістан елінде өтіп жатқан «Хаттар» фестивалі аясында үнді-қазақ ақын-жазушыларының кездесуі өтті. Сахития академиясының Президенті, үнділік үздік қаламгерлер, Үндістандағы Қазақстан елшілігінің өкілі және делегация құрамы қатысқан шарада екі елдің әдеби байланыстары туралы әңгіме өрбіді. Кездесу барысында «Ұлы дала елі» мен «Қазақ хандары» кітаптары үнді еліне таныстырылды.

Мұның алдында «Хаттар» фестивалі (Үндістан, Нью-Дели) аясында Қазақстан делегацияның Sangeet Natak Akademi, Lalit Kala Akademi сынды өнер саласына жауапты ұйымдармен кездесулер өткен болатын.

Естеріңізге салайық, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Үндістан Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы 2022-2025 жылдарға арналған мәдени алмасу бағдарламасы аясында Қазақстан жазушылар делегациясы Үндістанға әлем ақын-жазушыларының, аудармашылардың, баспагерлердің басын қосатын «Хаттар» фестиваліне қатысып жатыр. Делегация құрамында Қазақстан Жазушылар одағының және Түркі халықтары Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, ақын Танакөз Толқынқызы, «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Исабеков, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Баспа ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет бар.

 

Басқа жаңалықтар
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы