Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Ардагерлердің басын қосқан Наурыз мерекесі
Ардагерлердің басын қосқан Наурыз мерекесі
17-03-2023

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында думанға толы Наурыз тойы тойланды. Самарқанның көк тасытын ерітіп, Жер ананы шуаққа бөлейтін мерекеде Кітап палатасында әр жылдары қызмет атқарған ардагерлер бас қосты.


Кітап палатасындағы наурыз тойы 14 наурыз – Көрісу күнінен басталған болатын. Сол күні жұмысқа оюлы камзол, зерлі шапан киіп келген қызметкерлер бір-бірімен көрісіп, «бір жасыңмен» деп құтты болсын айтып, бір жасап қалған еді. Бір қуанарлығы, қасиетті қара шаңырақтың қызметкерлері содан бері үстіне киген ұлттық киімді бәр сәтке тастаған емес.


Наурыз тойын думандатып атап өткен күні Кітап палатасын әр жылдары басқарған әрі қазақтың қабырғалы қаламгерлері Софы Сматаев пен Әлібек Асқаров, суретші-карикатурашы Еркін Нұразхан арнайы қонаққа келді. Сондай-ақ, Кітап палатасында ұзақ жылдар қызмет етіп құрметті еңбек демалысына шыққан және осы мекемеде түрлі басшылық қызмет істеген Рима, Төрегелидева, Қоңыр Мұқатаева, Нұрқаным Асубекова, Күлшат Бейсенова, Балсұлу Семғалиева, Қасила Әмірова, Гүлнұр Құрмашева, Фатима Сарғасқаева, Ғалия Ғалиасқарқызы, Сейсенкүл Смағұлова, Бағдат Тоқажанова, Бану Дербісалина, Қырмызы Байзақова, Баян Анарбекова, Дәметкен Асылбекова құрметті қонақ болды.

Жыл сайын наурыз меркесін дүбірелтіп ұланасыр тойға ұластыру – Кітап палатасы ұжымының бұлжымас дәстүріне айналған. Алайда, биылғы думанды тойдың жөні бөлек. Себебі, көптен бері бас қосып, арқа-жарқа күйге түскен Кітап палатасының ардагерлер ұрпақ сабақтастығын жалғастыра білген қазіргі ұжымға мереке басталған сәттен ерекше ыстық ықыласын білдіріп жатты.


Қасиетті қара шаңырақтағы Әз-Наурыз мерекесі Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі студенттерінің тамаша ән шашуымен ашылды. Одан әрі мерекелік кеш Кітап палатасына келген Қыдыр атаның бата-тілегімен жалғасты.

Әз-Наурыз мерекесінде ата-бабадан мұра болып келе жатқан асыл дәстүрлеріміз ұлықталып, түрлі көріністер қойылды. Оның ішінде, екі бірдей бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, қадамын тәй-тәй басқан бөбектерге жиналған қауым ақ жол тіледі. Ал кішкентай құлыншақтардың тұсауын Софы Сматаев пен Әлібек Асқараов кесіп, қазақ сөз өнерінің зергерлері оларға ақ батасын берді.




Тамаша кеш Кітап палатасының ару қыздарына құралған «Бишілер» тобының мың бұралған биімен жалғасты. Ал думанды кешті ауылдың алты ауызын айтқан «Әжелер» ансамблі түйіндеді. Мерекелік басқосуда Кітап палатасы ұжымының тамаша өнеріне тәнті болған Софы Сматаев ортаға шығып, құйықылжыта ән салды.

Күн мен түн теңелген, Жер ана бусанып, табиғат жаңарған мерекенің соңы қыстан қалған сүретті қосып жасаған Наурыз-дәммен жалғасын тапты. Ақ дастархан басында жастарға ақ тілегін айтып, батасын берген ардагерлер қауымы ризашылықтарын білдірді.

Ардагерлердің басын қосқан Наурыз тойының соңында Кітап палатасының ұжымы атынан ардагерлердің иығына шапан жабылып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Әрине, байтақ даламызда Көрісу күнінен басталған Наурыз мейрамы – күн мен түн теңелген ерекше мейрам. Бұл күндері бір-бірімізге «ақ мол болсын» деп, жан-жүрегімізден жарып шыққан тілегімізді арнаймыз. Осы ретте берекелі ұжымның Наурыз мейрамын ұлықтаған сәті – талайға үлгі танытарлық керемет кеш деп білеміз. Өйткені, ұрпақтар сабақтастығын берік ұстанған ортаның әрқашан болашағы жарқын болмақ!


Басқа жаңалықтар
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
23-04-2024
23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық кұқық күніне»
23-04-2024
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы