Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Бүгін ақын Бақытжан Тобаяқтың туған күні
Бүгін ақын Бақытжан Тобаяқтың туған күні
21-04-2023

Бақытжан Тобаяқ 1953 жылы 21 сәуірде Алматы облысы, Гвардия ауданы, Бостан ауылында дүниеге келген.

Қазақ политехникалық институтында, Қазақ мемлекеттік университетінде, Қазақ ғылыми-техникалық ақпарат институтының экономикалық курсында білім алған. Энергетика ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын Өскемен ЖЭО-да слесарьлық жұмыстан бастаған. «Қазтехэнерго» кәсіпорнында инженер, Энергетика министрлігінде аға инженер, ТашИИТ филиалының оқытушысы, Энергетика ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Қазақ энциклопедиясының ғылыми редакторы, «Білім және еңбек» («Зерде») журналының бөлім меңгерушісі, «Халық Кеңесі» газетінің бөлім меңгерушісі, «ТАҢ» телекомпаниясының комментаторы, ҚР Қаржы министрлігінің бөлім бастығы, «Қаржы-Қаражат» журналының арнаулы тілшісі, ҚР Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру агенттігінің бөлім бастығы, ҚазТАГ редакторы, «Хабар» агенттігінің редакторы, Қазақ мемлекеттік Басқару академиясы журналының жауапты редакторы, Алматы қалалық әкімшілігі Тіл басқармасының бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. Қазір ұлттық «КЕГОК» энергетикалық компаниясында бөлім бастығы.

 

«Бостан», «Металдар құпиясы», «Егемен елдің экономикасы», «Сонар», «Адамзат тірлікті дәулет білмек…», «Құланиек», «Алматы көшелері», «Күреңбел», «Джордж Буш және әлем», «Кім болам» атты кітаптардың авторы.

ҚР Журналистер одағының Ә.Бөкейханов және академик С.Бәйішев атындағы сыйлықтарының иегері, ақындардың халықаралық Түрік фестивалінің, жастардың республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты. Алматы облысы, Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы