Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Кітап ісі: дәстүр және жаңашылдық
Кітап ісі: дәстүр және жаңашылдық
23-04-2023

EXPO халықаралық кітап көрмесінде қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету мәселелеріне арналған «Кітап ісі: дәстүр және жаңашылдық» атты жиын өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Баспа ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Жиында Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің 2022 жылғы атқарған жұмыстарының есебі мен құрылымдық өзгерістер, «Айбоз» ұлттық байқауының номинациялары мен шарттарын талдау, қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару және тарату жұмыстарын одан әрі жетілдіру мәселелері туралы сөз қозғалды.

«Айбоз» ұлттық байқауына қатысты қатысушылар тарапынан «Үздік кітап дизайны» номинациясын «Үздік әдеби сын» номинациясына ауыстыру, «Үздік әдеби аударма» номинациясының талаптарына толықтырулар енгізу, қабылданатын шығармалар көлемін ұлғайту сынды маңызды ұсыныстар айтылды.

«Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасы Б.Оспанова, Қазақстан баспагерлері, полиграфистері және кітаптаратушылар Ассоциациясының төрағасы Ә.Қойтанов қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату жұмыстарын одан әрі жетілдіру мәселелеріне қатысты келелі ойларын бөлісті. Баспа ісі қызметкерлері күнін Кітапханашылар күнімен орайластыра отырып белгілеу ұсынысы көпшілік қолдауына ие болды», - дейді Алмаз Мырзахмет.

 

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы