Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалды
Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалды
07-06-2023

Биыл жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тұңғыш рет Президенттік әдеби сыйлық тағайындалды. Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.

Өтінім «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Жас қаламгерлер 2023 жылдың 1 маусымынан бастап 30 маусымына дейін уәкілетті органға қағаз және электрондық түрде келесі құжаттарды жіберуі тиіс:

  • Президенттік сыйлық алуға өтінім;
  • үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Қазақстан Жазушылар одағынан мінездеме;
  • Президенттік сыйлыққа үміткер жариялаған не үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмесі (бар болса);
  • екінші деңгейдегі банкте банк шотының бар екенін растайтын анықтаманың көшірмесі;
  • үміткердің жетістіктерін айғақтайтын өзге де материалдар (бар болса).

Президенттік сыйлық әр номинация бойынша бір үміткерге ғана тағайындалады. Сыйлықты қайта тағайындауға жол берілмейді. Үміткер бір номинацияға ғана өтінім ұсына алады.
 

Президенттік сыйлыққа ие болған тұлғаларға «Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы (әр номинацияға 4,1 млн теңге) тапсырылады.

Толығырақ ақпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында орналасқан.

 

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы