Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / НҰРҒИСА ДӘУЕШОВ !
НҰРҒИСА ДӘУЕШОВ !
10-07-2023
Нұрғиса Мұратұлы өнердің өз адамы. О баста Нұрғиса бауырымыз ҚР мәдениет және спорт министрлігіне вице-министр боп келгенде Нұрғисаның болмысын танитын барша қазақ қатты қуанды. Себебі Нұрғиса Мұратұлы қазақтың жанын түсінетін, қазақ болмысын бойына сіңірген азамат еді. Елдің үміт, сенімі ақталды. Нұрғиса бауырымыз қазақ мәдениеті мен өнеріне жанашыр ғана боп қоймай, осы саладағы күрделі мәселелердің оң шешілуіне барынша ықпал етті. Бір қолында қазақтың қара домбырасы, бір қолында мемлекет қызметі Нұрғиса Мұратұлының қос қанаты іспетті еді…
Нұрғиса бауырымыз аталмыш лауазымнан қол үзіп қызметтік демалысқа шыққанын естіп жатырмыз. Нұрғиса Мұратұлы сияқты бойында қазақ қаны тулаған, қырықтың қырқасындағы азаматтың әлі ұлт пен мемлекеттке берері өте көп деп ойлаймыз.
Құрметті Нұрғиса Мұратұлы, шығар биігіңіз таусылмасын!!!
Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы