Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Ақ пен қара»
«Ақ пен қара»
14-08-2023
Қазақ фотожурналистикасын дамытуға елеулі үлес қосқан, бар ғұмырын осы салаға арнаған Сайлау Пернебаевтың 85 жылдық меретойы қарсаңында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен жарық көрген жаңа кітап «Ақ пен қара» деп аталады. 

Кітаптың құрастырушылары: белгілі фотожурналист, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы мен Сайлауқызы Айнұр.
«Қазақ жұртында кенжелеу қолға алынған фотография саласын, жалпы фотоөнер мәдениетін дамытуға атсалысқан қайраткерлеріміз саусақпен санарлықтай ғана. Осы үркердей топтың бел ортасынан табылған фотожурналистің бірі Сайлау Пернебаев болатын. Шынайы өмірде «Тосыннан түсірілгенде» деген атпен ел жадында жатталған фототілшінің олжа салмаған жанры кемде кем еді» деген жолдармен басталатын бұл кітапта «ел шежіресін фотоөнермен өрнектеген туындыларының іріктелген бір тобы ғана беріліпті». 
«Сайлау Пернебаев – өз замандастарының тұтас бір галереясын жасаған фототілші. Тілінен әзілі үзілмеген ағамыздың өзі де аңызға бергісіз еді. Ол жайында қатарлас-тұстастары, замандас-құрдастары әліге дейін жыр ғып айтып жүреді» дегендей, альбом-кітапта аға жайлы біраз естеліктерге де орын берілген. 
Кітап палатасының қорыжыны тағы да бір сапалы басылыммен толықты.   
Аталмыш кітапты Кітап палатасының қорына арнайы әкеліп табыстаған Сайлау ағамыздың ұлы –  Ербол Пернебаев пен Асылхан Әбдірайымұлы. 
Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы