Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Бауыржан ЖАҚЫП бүгін, көктемде толған 60 жас  мерейтойын тойлады
Бауыржан ЖАҚЫП бүгін, көктемде толған 60 жас  мерейтойын тойлады
15-09-2023
"Бір тойым болатыны сөзсіз менің, 
Дәл қай күні екенін айта алмаймын. 
Бірақ, бірақ...", - дегендей Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, белгілі ақын Бауыржан ЖАҚЫП бүгін, көктемде толған 60 жас  мерейтойын тойлады. 
Мамыражай мамыр айындағы туған күн жоғарыдағы өлең жолдарындай белгілі себептермен бүгінге жылжытылған болатын. 
ҚР Ұлттық кітапханасында өткен алқалы жиынды кітапхана директоры Бақытжамал Оспанова ашып берді. 

Алғашқы 4 кітаптың тұсауын Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасы жазушы, Мереке Құлкенов, ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі, т.ғ.д. Ғалымқайыр Мұтанов,  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институты  директоры, ф.ғ.д. Кенжехан  Матыжановтар кессе, белгілі ақындар: Иран-Ғайып, Әділғазы Қайырбеков, Маралтай Райымбекұлдарына тағы да бір кітаптың тұсаукесері бұйырды.
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы атынан сөз алған белгілі ақын Маралтай Райымбекұлы, жазушы Нұрымжан Мауыт Бауыржан ағаларының иығына оқалы шапан жауып, құттықтау хатын табыс етті.
Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы