Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева
ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева
12-02-2024
     ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева 

Кітап басып шығару мәселесі туралы ақпаратпен бөлісе келе бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс екендігіне ерекше тоқталды. 
Сондай-ақ, бұл саланы дамытуға жаңа ереже қабылданатынын да айтып өтті. «Бұдан былай кітаптар бірнеше сараптамалық сатылардан өтіп, тек үздіктері ғана жарыққа шығады. Өтінімдер жылына 2 рет қабылданады. Келіп түскен құжаттарды тексеруге 10 күн, қоғамдық талқылауға 15 күн, арнайы құрылатын тәуелсіз комиссияның тексеруіне 15 күн және сарапшылардың қортындысын дайындауға 2 ай мерзім беріледі», - деді. 
«Осы уақыт аралығында оқырмандардың пікірінен бөлек, отандық ғылыми-зерттеу орталықтарының әлеуметтік зерттеулері, кітап дүкендерінің сатылымға қатысты статистикалық мәліметтері, баспалардың басылым рейтинг тізбесі назарға алынады».
«Міне, осыдан кейін ғана өкілетті орган нақты шешім қабылдайтын болады. Екінші, биылдан бастап жаңа әдеби туындыларға бұрынғы қаламақы (гонорар) орнына грант беріледі. Грант министрлік жанынан құрылған сараптамалық комиссияның шешімімен тағайындалады. 
Ал кітапты басып шығару және сатылымға шығару құқығы автордың өзінде қалады. Егер ол кітап бір жыл көлемінде жарыққа шығып, кітап дүкендері арқылы жақсы сатылым көрсетсе, оның келесі басылымы мен таралымын мемлекет өз мойнына алады», - деді министр.
«Үшінші, сондай-ақ, аударма әдебиеті бойынша ҚР мәдениет туралы заңына бірқатар өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Мемлекеттік тапсырыспен басылып шығатын әдебиеттердің электронды нұсқасы Ұлттық электрондық кітапханасында жарияланады. Бұл, өз кезегінде электрондық нұсқаларын жариялаудағы авторлық-құқықтық шектеуліктеріне сәйкес, әлемдік танымал туындыларды басып шығаруға мүмкіндік бермей отыр. Кітап басып шығаруға берілетін өтінімдер аясын кеңейту мақсатында, бұл тармақшаны толығымен алып тастауды ұсынамыз».
«Төртінші, бестселлерге айналған әлемдік әдебиеттің классикалық және заманауи туындыларын қазақ тіліне аудару қазіргі таңда жеке баспалар арқылы реттелуде. Енді баспагерлер авторлық құқығын алып, қазақ тіліне аударған белгілі шетелдік туындыларды мемлекеттік тапсырыспен басып шығара алады. 
Бесінші, жаңа ережеде сараптама комиссиясының әдебиеттерді оқып, қорытынды пікір жазу уақыты екі айға қысқарылатын болғандықтан, жұмыстың күрделілігіне қарай өтемақы көлемін екі есеге ұлғайту қарастырылатын болады.
Алтыншы, Мәдениет туралы заңда жазушы мәртебесін айқындау ұсынылады. Бұл заңның толық жұмыс істеуіне септігін тигізеді. 
«Құрметті достар, кітап дегеніміз алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік». Көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтің бұл сөздерінің уақытқа тәуелді мерзімі де, заманға тәуелді рухани өлшемі де жоқ. Өйткені, кітаппен дос болғанның, білімге, ізгілікке, көрегенділікке жаны құмар болатыны анық. Сондықтан оқырмандарға ой салатын сапалы кітап шығарып, әдебиетті дұрыс қорытуды әзірден бастағанымыз абзал болмақ. Бұл басты құндылық», - деп сөзін қортындылады.  

ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева
Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы