Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Құспан Роллан Қабылұлы Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Құспан Роллан Қабылұлы Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды
15-02-2024

→  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары болып Құспан Роллан Қабылұлы тағайындалды.

Құспан Роллан Қабылұлы 1987 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «есеп және аудит» мамандығы, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен аймақтану магистрі атағын алған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақстан жастары конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінде есепші қызметінен бастаған.

2010-2012 жылдары «Қазақстан жастары конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі директорының орынбасары, 2013-2014 жылдары осы бірлестіктің атқарушы директоры, 2014-2015 жылдары «Жас Отан» жастар қанатының Республикалық қоры» Корпоративтік қоры директорының орынбасары, 2016-2017 жылдары қаржылық және заңдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, 2017-2021 жылдары Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, 2021-2023 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 2023 жылдың маусым-қараша айында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары, 2023 жылдың 13 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы