Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті
Жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті
12-03-2024

     

     ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жұмабай Шаштайұлы 74 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Жұмабай Шаштайұлы -  ҚР Президентінің стипендиаты, Халықарарық Жамбыл және «Алаш» сыйлықтарының лауреаты,   Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанған.
      Ол «Коммунизм жолы», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде, «Жалын» журналында еңбек етті. Халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінің және «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, сондай-ақ Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды.
      Жазушының «Қызыл қар», «Жала мен нала»,  «Жыр жолбарыс» ,  «Біздің заманның Аяз биі», «Жаңғырық» атты жинақтары мен романдары оқырманның  жүрегінен орын тапты.
 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өз заманының қарымды қаламгері Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

 
Басқа жаңалықтар
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы