Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Астанада жастар әдеби клубының алғашқы отырысы өтті
Астанада жастар әдеби клубының алғашқы отырысы өтті
27-03-2024
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жастар әдеби клубының алғашқы басқосуы өтті. Оған елміздің әр аймағынан келген 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, Президенттің арнайы әдеби сыйлығының лауреаттары, халықаралық, республикалық әдеби байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған жастар әдеби клубының мақсаты – қазақ әдебиетіндегі өзекті мәселелерді, жаңа әдеби тенденциялар мен шығармаларды талқылау, авторларды насихаттау.
«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда жалпы жастар тәрбиесі, оның ішінде кітапханаларды дамыту, жалпы кітап оқу мәселелерін қолға алуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Түптеп келгенде негізгі мақсат – ұлт руханиятын дамыту, сапалы ұрпақ өсіру. Өйткені, кітап оқитын бала рухани дүниесі бай азамат болып өсері анық. Бар өнердің түп негізі – әдебиет. Сондықтан жас қаламгерлерге ортақ алаң ұсынып, әдебиеттегі өзекті мәселелерді талқылау – заман талабы», - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Отырыста клубтың күн тәртібі бекітіліп, басшылық құрамы жасақталды, алдағы жоспарлары айқындалды. Жиынға қатысушылар заманауи әдеби процесс пен аударма саласына, кітап шығару және баспа ісіне, балалар әдебиетін дамытуға қатысты өзекті мәселелерге қатысты ойларын ортаға салып, түрлі ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ әдеби агенттік, отандық авторлардың шығармаларын насихаттау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру төңірегінде бірқатар мәселелер көтерілді.
«Жас қаламгерлерге қолдау көрсетуде бүгінгі басқосудың маңызы зор деп есептеймін. Жаңа әдеби клуб қазақ әдебиетінің даму көкжиегін кеңейтіп, ұлт руханиятының дамуына өз септігін тигезеді деп ойлаймын», - деді мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, сыншы-әдебиеттанушы Бағашар Тұрсынбайұлы.

Алдағы уақытта әдеби клубтың отырысы еліміздің өзге де аймақтарында көшпелі негізде ұйымдастырылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы