Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Бүгін, 27 наурыз – Дүниежүзілік театр күні
Бүгін, 27 наурыз – Дүниежүзілік театр күні
27-03-2024
🎭Бүгін, 27 наурыз – Дүниежүзілік театр күні, театр өнерінің қоғамдағы мәдени өмірде маңызын айқындайтын атаулы күн. Қазақстан үшін де бай мәдени мұраны дәріптеп, бүкіл елдегі театр өнері мен мәдени өмірдің ерекшелігін атап өтетін мереке.
📌Бүгінде Қазақстанда 67 театр жұмыс істейді, оның 57-сі мемлекеттік мәртебеге ие. Оның ішінде 11 республикалық, 46 облыстық театр бар. Республикалық театрлардың этникалық театрлар, опера және балет театрлары, драма және музыкалық драма театрлары секілді түрлі форматы бар. Аймақтық театрларға қалалық және облыстық мекемелер, сонымен қатар драмалық театрдан бастап, қуыршақ театрына дейінгі түрлі жанрлар кіреді.
✅Театрлардың репертуарында 2,5 мыңнан астам қойылым жинақталған, оның ішінде 2023 жылы жарық көрген 309 жаңа туынды бар. Өткен жылы театр ұжымдары 12 мыңнан астам спектакль қойып, оны 2,5 миллионнан астам көрермен тамашалаған. Қазақ театрына деген қызығушылық ел ішінде ғана емес, шетелде де байқалады.
👥Театр саласында барлығы 20 мыңға жуық қызметкер еңбек етеді, бұл театрдың қоғамдағы мәдени ғана емес, әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын да айғақтайды.
📩Осы айтулы күні баршаңызды өнердің киелі ордасы театрға шақырамыз!

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы