Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Үштаған: Баспагерлер, авторлар және кітап дүкендері өкілдері жас оқырмандармен кездесті
Үштаған: Баспагерлер, авторлар және кітап дүкендері өкілдері жас оқырмандармен кездесті
05-05-2021
Бүгін ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасының қолдауымен «Балалар және жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында аймақтағы үздік, дарынды оқушылар мен баспагерлердің, балалар қаламгерлерінің және кітап дүкендері өкілдерінің өзара кездесуін өткізді. 

Онлайн кездесуге 100-ге тарта оқушы қатысып, өздерін мазалаған сан сауалды сала мамандарына қойды. 

Жиынға ҚР Ұлттық мемлекетік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлы, көрнекті ақын, балалар жазушысы Ертай Ашықбаев, «Балалар әдебиеті» баспасының директоры, ұстаз Шайзада Байкенова, жазушы Бейбіт Сарыбай, «Қазына» кітап дүкенінің директоры Алмаз Шайкен, «Шұғылакітап» баспасының директоры Людмила Кирилинская қатысып, саладағы негізгі мәселелер бойынша сөз қозғап, жас оқырмандар сұрағына жауап берді. 

Жиын барысында мектеп оқушылары еліміздің көрнекті ақын-жазушыларына, жетекші баспалардың өкілдеріне өз ойларына түйген кей мәселелерді жеткізіп, тікелей байланыс, «Алтын көпір» орнады.
 
Біздің де мақсатымыз – осы. Балалардың сұранысын, оқушылардың талабын ескере отырып, соның ыңғайына қарай кітаптар шығаруға, жазуға бейімделуіміз керек. 

Өмір ғылымдарының, барлық ілімнің бастауы – кітап. Кітапқа деген ынтызарлық, білімге деген құштарлық кез келген адамда осы мектеп жасынан басталады. Сол үшін мектеп кітапханалары қазақ көркем әдебиетінің, ғылыми және басқа да салалық әдебиеттердің мол қорын жинақтауы тиіс. 

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының осы тікелей байланысты – «Алтын көпірді» орнату туралы бастамасына бірнеше облыстық білім басқармалары қолдау танытқан. Алғашқы қадамды Қостанай облысынан бастауымыздың да өзіндік мәні бар. 
Бұл бастама алдағы уақытта өз жалғасын табады. Басқа да аймақтардағы оқушылармен, жастармен кездесулер ұйымдастырып, екі жақты, тіпті, үш жақты қарым-қатынастарды реттеудің маңызы зор. 

Кездесу барысында көтерілген мәселелер мен қатысушылардың пікірлері қамтылған көлемді материал жақын арада республикалық басылымдардың бірінде жарияланады. 
Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы