Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні
02-04-2024
►Бүгін – Халықаралық балалар кітабы күні   
  Мерекені 1967 жылы «Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жөніндегі халықаралық кеңес» коммерциялық емес ұйымы бекіткен. Бұл күн кездейсоқ дата емес. Айтулы күн тарихтағы ең танымал ертегілер авторының бірі – Ханс Кристиан Андерсеннің туған күнімен сәйкес келеді.
      Балалар әдебиеті – көркем әдебиеттің ауқымды саласы. Қазақ жазба әдебиеті қалыптасқаннан бері балалар әдебиеті – тілі, стилі, мазмұны мен құрылымы жағынан ұлт тарихындағы үлкен маңызға ие.
     Қазақстанда балаларға арналған 249 кітапхана бар. Айта кетейік, өткен ғасырда
Алматы қаласында негізі қаланған С.Бегалин атындағы балалар кітапханасы еліміздегі ең көне кітапхана саналады. Ал ең жаңа балалар кітапханасы - Алматыда 2020 жылы бой көтерген «ALATAU CREATIVE HUB» жаңа орталығы.
      Жыл басынан бері облыс, аудан, қалалар мен ауылдарда орналасқан кітапханаларға 1 733 686 жас оқырман келген. Бүгін еліміздің барлық кітапханаларында түрлі іс-шаралар, атап айтқанда кітап көрмелері, интеллектуалды ойындар,  кездесулер, әдеби бенефис, кітапханаға саяхат ұйымдастырылады.
      Еліміздің барлық жас оқырмандарын білім, ғылым, таным сапарына жол сілтейтін айтулы күнмен құттықтаймыз!


 
Басқа жаңалықтар
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы