Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні
09-05-2021
1941-1945 жылдары фашистік Германияның әлемді жаулау саясатына қарсы зұлмат соғыста Кеңес әскерлері жеңіске жеткен. Кеңес әскерлерінің қатарында сол уақыттағы жалпы халық санының жиырма пайызы – 1 196 164 қазақ соғыс амалдарына араласты. 

Миллионның үстінде майданға аттанған жасы мен жасамысы аралас қазақтардың алты жүз мыңнан астамы оққа ұшқан. Елге оралғандардың да көпшілігі мүмкіндігі шектеулі халде, денсаулығына ауыр зардап келген күйде келген. Бұл – ондаған, жүздеген миллион адамның басына түскен тарихи нәубет еді. 

Зұлмат соғыстың аяқталып, әділет жолында төгілген тер мен қанның Жеңіске айналғанына, жерін қорғаған батырлардың даңқты бейнесі заңғар биікке көтерілгеніне 76 жыл толып отыр. Кеңес одағы тарап, одақтас республикалардың көпшілігі егемендігін алғанына да ширек ғасырдан астам уақыт өтті. 

Тәуелсіз Қазақстанда Ұлы Жеңіс күні мерекесі жыл сайын кең көлемде тойланады. Өйткені, бұл жеңіс әлдеқашан сахнадан жоғалған Кеңес Одағына тиесілі болса да, оған жетер жолда ата-бабамыздың, одаққа даңқы кеткен батырлардың төккен тері, пида еткен жаны, асқақ рухы тұр. 

Коронавирус пандемиясы Ұлы Жеңістің мерейтойлары қарсаңында ұйымдастыралатын аса ауқымды шараларды шектеуге мәжбүр қылып отыр. Соған сәйкес, біз Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының Баспасөз мұрағатындағы 1945 жылы жарық көрген «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің бетінен тартымды суреттер мен мазмұнды мәтіндерді назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. 



Ұлы Жеңіс күні мерекесімен барша қазақстандықтарды, барша Ұлы Отан соғысының ардагерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Елімізде әрдайым бейбітшілік, ынтымақ-береке болсын!

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы