Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
26-04-2024
        Қаламгер өз шығармаларында қазақ халқының ғасырлар бойғы тұрмысын, мәдениетін, тарихын бейнеледі. Ол халықтың революциядан кейінгі өмірін «Жұмаштың өлімі», «Альбом», «Балбөпе», «Сұлушаш», «Ақ аю» және т.б. шығармаларында жазды.
        Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» шығармасы қазақ прозасындағы таптық күрес жөніндегі алғашқы әлеуметтік-психологиялық роман болды. Кейін туынды «Мөлдір махаббат» деген атпен жарық көрді.  Сонымен қатар жазушы қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды. Жалпы қаламгер 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар мен зерттеу еңбектерін мұра етіп қалдырды. Оның шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылды. Тау тұлға қазақ әдебиетінің қалыптасуына үздіксіз сіңірген еңбегі үшін 2 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталды.
Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы