Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Шайзада Бәйкенова 70 жаста
Шайзада Бәйкенова 70 жаста
15-02-2021
Бүгін Қазақстанның баспа ісі саласына ұзақ жылдар бойы үздіксіз еңбек сіңіріп келе жатқан баспагер, суретші Шайзада Байкенова 70 жасқа толып отыр. Украина полиграфия институтында білім алған білікті маман еліміздің бірнеше баспаларында қызмет атқарған, түрлі наградалармен марапатталған. 

Шайзада Мұхамеджанқызы «Фолиант», «Ана тілі», «Жазушы», «Жалын», «Қайнар», «Аударма», «Ел орда», «Білім», «Мектеп», «Дәуір» баспаларынан шыққан көптеген кітаптарды көркемдеген. 

Мерейтой иесі өзінің жылдар бойы баспа ісі саласында жинаған білімі мен тәжірибесін келесі буынға сіңіріп, мұғалімдікті де қатар атқарып келеді. Әлбетте, өндірістік мол тәжірибеден сусындаған студенттердің де білікті маман атанары анық. 

Бұдан бөлек, Шайзада Мұхамеджанқызы Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясы жанындағы Қазақстанның баспа ісі, полиграфия және кітапхана саласындағы мамандарын сертификациялау орталығының жетекшісі қызметін абыройлы атқарып келеді. 

Ол 2002 жылдан бері «Балалар әдебиеті» баспасының директоры болып қызмет істейді. Жылдар бойы жас бүлдіршіндерге арналған еңбектерді басып шығарумен, дайындаумен айналысуда. 

Жақында ғана ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы 2021 жылды «Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялады. 

Саналы ғұмырын балалар әдебиетін дамытуға, баспа ісін жандандыруға арнаған Шайзада Мұхамеджанова үшін бұл жаңалық – сыйлықтардың сыйлығы. 

Қазақстан Республикалық Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы ұжымы құрметті баспагер Шайзада Бәйкенованы 70 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! 

«Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» қайта серпіліп, тың бастамаларды жүзеге асыруға атсалысуыңызға тілектеспіз!
Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы