Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Adaldyq alańy өкілі Кітап палатасы басшылығымен кездесті
Adaldyq alańy өкілі Кітап палатасы басшылығымен кездесті
25-03-2021
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің жанынан ашылған Adaldyq alańy жалпыреспубликалық жобасының өкілі Марат Қамзолдаев арнайы келіп, бас есепшімен, заңгермен, кадр бөлімінің меңгерушісімен, мекеме басшысы және оның орынбасарларымен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында мемлекеттік мекемедегі бос жұмыс орынына мамандарды қабылдау тәртіптері, қаржылық операциялардың ашық жүргізілуі және Заң талаптарының қатаң сақталуы сияқты бірнеше мәселелер қамтылып, «Адалдық алаңы» ұйымының өкілі бірқатар ұсыныстар білдірді. 

«Қазіргі уақытта Әділет министрлігі тарапынан мемлекеттік қызмет барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы бұйрық шығып, бірқатар талаптар бекітілді. Соған орай, бүгінгі күні әрбір мемлекеттік мекеме басшылығы ұжым ішіндегі осындай әрекеттердің тәуекелін болғызбауды бақылап, барлық жағдайды назарда ұстап отыруы керек. Мемлекеттік мекемеге қызметке қабылданатын мамандарға қатысты да арнайы талаптар бекітілді. Мекеме заңгері осы талаптардың дұрыс орындалуын қадағалауға міндетті», - деді ол. 

Арнайы өкіл мекеменің бас есепшісіне ұжым қызметкерлеріне белгілі бір уақыт жиілігінде түсіндіру жұмыстарын өткізіп тұру қажеттілігі туралы ұсыныс білдірді. Барлық ұсыныстар мекеме басшылығы тарапынан мақұлданып, сыбайлас жемқорлық жөнінде ешқандай мәселе жоқ екенін жеткізді. 

«Біз сіз ұсынып отырған ұсыныстардың барлығын күнделікті жұмыс тәртібіне міндетті түрде енгіземіз. Жаңа талаптар бойынша түсіндірме жұмыстары жасалады. Қаржы операцияларының барлығы осы күнге дейін тек мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы жүзеге асып келе жатыр. Бұл жөнінде туындап отырған мәселе жоқ деп айта аламыз. Мекемеге қызметкер қабылдау туралы және түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныстарыңызға қолдау білдіреміз», - деді Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов. 

Кездесу барысында «Адалдық алаңы» жалпыреспубликалық жобасының қазіргі жұмысы туралы айтылып, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының басшылығы жоба жұмысына сәттілік тіледі.
Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы