Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Ләңгі теуіп, асық ойнап тұрайық!
Ләңгі теуіп, асық ойнап тұрайық!
17-03-2021
Көктем мерекесі – Наурыз мейрамы келген шақта жыл бойы сандықта сақталатын зерлі шапандар, келісті қамзолдар, үкілі тақия мен дорба-дорба асық, түбіті түтілген қорғасын ләңгі, тобылғы сап қамшы жарыққа шығады. Иығына ұлттық киім іліп, қолына еліміздің ежелден ұлттық атрибутына айналған дүниелерді ұстаған жастың да, жасамыстың да келбеті ерекше көрінеді. 

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы апта басынан бері әр күні ұлттық дәстүріміздің түрлі бағыттарын жаңғыртуды қолға алған. Бүгінгі күн Ұлттық ойындарды еске түсіруге, кейінгі буынға үйретуге бағытталды. 

Мекеме қызметкерлері жиналып, ұлттық ойындардың тарихы мен маңызы туралы айтылды. Қызметкерлер тоғызқұмалақ ойнап, бес тас, асық ойнап бақ сынаса, жігіттер жағы ләңгі тебудің тәртібін көрсетті. 

Алдыңғы буын өкілдері ләңгі тепкен бала күндерін еске алып, ойынның қызығын, ұпай санау тәртібін, түрлі техникаларын көрсетті. Сақа шиырып, асық атқан әріптестеріміз де қимас күндерін – бала кездерін еске алды. 

Қазақтың ұлттық ойындары тек қана көңіл көтеріп, уақыт өткізуге емес, жас баланы шынықтыруға, бойға қан жүгіртуге, ептілік пен шапшаңдыққа баулиды. Сондықтан, ел болашағы – балаларды ұлттық ойындарға үйретудің, оларды қызықтырудың маңызы зор. 

Ұлттық дәстүр-салтымыздың қай саласында да ерекше философия, пайдалы дүниелер жатыр. Біздің мақсатымыз – ұмыт бола бастаған ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, насихаттау, үйрету. 

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы ұйымдастырған шараға үлкендер ақыл қосып, жастар ұйымдастырды. Мемлекет басшысының жастарға көңіл бөлу туралы бастамасы да біздің ұжымда өз жолын тапты. 

Біз біргеміз! Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Ел аман, жұрт тыныш болсын!






 
Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы