Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Ұлттық құндылықтар туралы сұрақ-жауап
Ұлттық құндылықтар туралы сұрақ-жауап
16-03-2021
Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы Наурыз мерекесі қарсаңында қазақы ұлттық дәстүрлерімізге, ежелден қалыптасқан дағды-салтымызға қатысты сұрақ-жауап сипатындағы командалық сайыс өткізді. 

Командаға жасақталған қызметкерлер ұйымдастырушы жастар қойған сұрақтарға жауап беріп, өзара бақ сынады. Командаларға Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Ә.Қойтанов, директор орынбасарлары М.Ыбыраев пен Т.Салменбаева қазылық етті. 

Сауалдардың дені ұлттық салт-дәстүрімізге, ұлттық дағдыларымызға бейімделген. Ұжым қызметкерлері қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп, дәстүр-салтымыздан хабардар екенін байқатты. 

Наурыз – жаңғыру айы, Жаңа жылдың басы. Осынау түркі дүниесіне ортақ қадірлі мереке қарсаңында буынаралық байланыс тереңдеп, үлкеннің кішіге үйрететін міндеті, кішінің үлкенге көрсетер құрметі көрініс береді. 

Мәңгілік Елдің дағдысы – болашақ ұрпақты үздіксіз тәрбиелеу. Білім беріп, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірсек, Қазақстанның, қазақ жұртының Мәңгілік Ел болары сөзсіз!  
Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы