Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Бір жасыңмен, бауырым!
Бір жасыңмен, бауырым!
14-03-2021
Отпантау оянып, күллі қазақ Амал мерекесін тойлауды бастады. Көшпелі қазақтың ата ғұрпына байырғы заманда еніп, әбден сіңісті болған мерекелердің бірі – Көрісу мерекесі. Осы мереке қарсаңында ай жаңарып, түркі жұртының дәстүрінше Жаңа жыл кіреді. 
Төрт түліктің күйін күйттеп, мезгіл сайын қоныс ауыстырған бабалардың Жаңа жыл қарсаңында арқа-жарқа болып, төс қағыстырып, амандық сұрасып, тілек білдірісіп жатады. 

Көрісу күні кейінгі қазақтың көзіне тек құшақтасып, қауқылдасқан кісілердің жүрісі сияқты көрінуі де ғажап емес. Дегенмен, бұл мерекенің астары терең, ауқымы кең. Көктемнің алғашқы айы туғанда табиғатқа жан бітеді. Ағаш бүршік атады, бәйшешек қауыз жарады, мал төлдейді, Жер ақ жамылғысын ысырып, айнала көгере бастайды. 

Кісі мен кісі, жыл мен жыл қауышып, адамның ауызы аққа, төрт түліктің ауызы көкке ілініп, қазақтың дархан даласында қоңыр күзге дейін жалғасатын мамыражай кезең қайта орнайды. 

Қыстауда ық іздеп, сай салада мал өргізіп шыққан қазақ жұрты көршісін, туысын, ағайынын сағынады. Қыс бойғы қауырт жұмыс біршама ықшамдалып, жаздың жайдары тіршілігі орнағанда бір киерін иығына іліп, жаратқан жүйрігін тақымға басып келіп қауышып жататыны – жазылмаған дала заңының бір бөлігі. 

Бауырын «өкпеге қиса да, өлімге қимайтын» қазақ мұндайда қайта табысып, араздықты ұмытып, Жаңа жылды жаңа көңілмен, жаңа ықыласпен бастайды. Ай жаңарғанда табиғатпен бірге жаңарып, бірге жанданған жұрттың бұл мейрамды тағатсыздана, ынтыға күтетінің сыры – осы. 

Қоңсы отырып саулық сұраспайтын жаңа қазақтың санасын жаңғыртып, ұлттық болмысты нықтайтын мереке болса, бұл – Көрісу. Оң ниеттің, ақ тілектің, үлкен мен кіші арасындағы ізеттіліктің, табиғатқа құрметтің, қазақы жолға бағынған дәстүрдің насихатын жасайтын болсақ, Көрісу мерекесінің ауқымын кеңейтуге күш салуымыз керек. 

Биылғы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың бастамасымен Наурыз мерекесін он күн бойы тойлау туралы тұжырымдама жасалды. Осы тұжырымдаманы дұрыс жүзеге асыруға күллі қазақ жұрты атсалысып, дәстүрлі дағдыға айналдыруымыз керек. 

Көрісу мерекесі, Жаңа жылдың басы құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ел іргесі берік болсын!
Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы