Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Ұлттық киімдегі ұжым
Ұлттық киімдегі ұжым
12-03-2021
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы Наурыз мейрамы қарсаңында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Ұлттық киімдегі ұжым» эстафетасын бастайды. 

Зерлі шапан, ою-өрнегі келіскен қамзол – ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық атрибуты саналып келе жатқан бұйымдар. Ұлттық нақыштағы кез келген киімнің жарасымдылығы, денсаулыққа пайдасы, қазақылық кейіпті ашатыны уақытпен дәлелденген. 

Көшпенді жұрттың өзіндік сән-салтанаты, ұлттық әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі әбден қанымызға сіңген, ана сүтімен бойымызға дарыған. Күмбірлеген күй, әуелеген дәстүрлі ән, келісті тұлпар әрбір қазақтың бойындағы ұлттық рухын аспандатып, болмысын биіктетеді. 
Ұлттық болмыс – қазақылықтың қазығы. Осындай керемет дәстүрімізді, бабалар жолын жалғастыру, ұлттық мұрамызды сақтау – біздің міндетіміз. 

Түркі дүниесіне ортақ Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға мән берген абзал. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Наурыз мерекесін 10 күн бойы тойлау жөніндегі тұжырымдамасы да ұлттық болмысымызды жаңғыртуды, бабалар жолын насихаттауды мақсат етеді. 

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлері наурыз айының басынан бастап ұлттық нақышта киінетін дәстүрлі үрдісін жалғастырды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында осынау керемет әрі маңызы жоғары дәстүрді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне және оған қарасты барлық мекемелерге эстафета ретінде жолдаймыз.

«Ұлттық киімдегі ұжым» бастамасын қолдап, қазақы дәстүрді жаңғыртуға атсалысайық!







 
Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы