Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Бексұлтан Нұржекеұлы «Асыл сөзде» қонақта
Бексұлтан Нұржекеұлы «Асыл сөзде» қонақта
01-11-2019

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы «Асыл сөз» жобасын жалғастыруда. 

   Бұл шараның мақсаты - еліміздің руханиятына еңбегі сіңген абыз ақын, жазушыларымызбен оқырман арасында алтын көпір болып, кездесулер ұйымдастырып, қаламгерлеріміздің шығармаларын кеңінен насихаттaу. Алдағы уақытта жыл бойы «Асыл сөз» жобасы жүйелі түрде жүргізіліп, абыз ақсақалдармен болған сұхбаттар республикалық газеттердің бірінде жарияланады. Ал, бейне жазба нұсқасы республикалық арналардың бірінен көрсетіліп, дайын өнім кітап палатасының мұрағатында сақталады. Жобаның алғашқы қонағы Қазақстанның еңбек ері, классик жазушы Әбдіжәмил Нұрпейісов болса, екінші мейманы Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, үшінші мемлекеттік сыйлықтың иегері Бексұлтан Нұржекеұлы келді.

    Алдымен оқырмандар мен жазушының өзі бастап, «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас», газеттерінде және «Жұлдыз» журналында жарияланған қаламгердің алғашқы әңгімелері мен очеріктерінен басталған және кітаптарынан құралған көрмені тамашалады. Көрмені көріп шыққан Бексұлтан ағамыз 40-50 жыл бұрынғы дүниелерді жадында жаңғыртқан кітап палатасының мамандарына ризашылығын білдірді.Одан кейін сабақталған кездесуді кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов ашып, жазушының шығармашылығына қысқаша тоқталып, сөз кезегін Бексұлтан атамыздың өзіне берді. Оқырмандар сауалына орай, әңгімені бала күнінен бері таратқан Бексұлтан Нұржекеұлы талай сырдың, талай тарихтың тиегін ағытты. Оның ішінде өзінің ғана емес сол замандағы қазақтың басынан кешкен сан қилы өмір жолы, соғыстан кейінгі елдің көрген қыйындығы, бәрі-бәрі айтылды. Соның бәрі оқырман үшін мәнді де, мағыналы болғаны анық. Екі жарым сағатқа созылған сыр сұхбатты қорытындылаған кітап палатасының директоры жазушыға естелік сыйлық пен Б.Нұржекеұлының өз атына сайт ашып, оған шығармаларын хронологиялық ретпен топтастырып, оның сертификатын тапсырды. Кездесу соңынан қаламгер өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, кітап палатасы ұжымымен естелік суретке түсті. Кетерде кітап палатасының ұжымына аталы «Асыл сөзін» де айтып кетті.




Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы