Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Асыл сөзде» қонақта - Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов
«Асыл сөзде» қонақта - Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов
14-10-2019

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл cаясаты комитетінің қолдауымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы «Асыл сөз» жобасын жалғастыруда. 

   Бұл шараның мақсаты - еліміздің руханиятына еңбегі сіңген абыз ақын, жазушыларымызбен оқырман арасында алтын көпір болып, кездесулер ұйымдастырып, қаламгерлеріміздің шығармаларын кеңінен насихаттaу. Алдағы уақытта жыл бойы «Асыл сөз» жобасы жүйелі түрде жүргізіліп, абыз ақсақалдармен болған сұхбаттар республикалық газеттердің бірінде жарияланады. Ал, бейне жазба нұсқасы республикалық арналардың бірінен көрсетіліп, дайын өнім кітап палатасының мұрағатында сақталады. Жобаның алғашқы қонағы классик жазушы Әбдіжәмил Нұрпейісов болса, екінші мейманына Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов келді. Алдымен оқырмандар мен жазушының өзі бастап, «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас», газеттерінде және «Жұлдыз» журналында жарияланған алғашқы өлеңдері мен әңгімелерінен басталған, және кітаптарынан құралған көрмені тамашалады. Одан кейін сабақталған кездесуді кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов ашып, жазушының шығармашылығына қысқаша тоқталып, сөз кезегін Қабдеш атамыздың өзіне берді. Оқырмандар сауалына орай, әңгімені бала күнінен бері таратқан Қабдеш қария талай сырдың, талай тарихтың тиегін ағытты. Оның ішінде өзінің ғана емес сол замандағы қазақтың басынан кешкен сан қилы өмір жолы да бар еді. Соның бәрі оқырман үшін мәнді де, мағыналы болғаны анық. Екі жарым сағатқа созылған сыр сұхбатты қорытындылаған кітап палатасының директоры жазушыға естелік сыйлық пен Қ.Жұмаділовтің өз атына сайт ашып, оған шығармаларын хронологиялық ретпен топтастырып, оның сертификатын тапсырды. Кездесу соңынан қаламгер өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, кітап палатасы ұжымымен естелік суретке түсті.

 

Нұрболат Абайұлы, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының баспасөз-хатшысы.

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы