Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Халықаралық Минск кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде
Халықаралық Минск кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде
19-02-2021
Ағымдағы жылдың 18-21 ақпан аралығында Минск қаласында «Кітап адамзат пен елдерді біріктіреді» деген лозунгпен XXVIII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. Әлемдік деңгейдегі кітап көрме-жәрмеңкесіне жиырмадан астам ел белсенді түрде қатысуда, соның бірі – Қазақстан Республикасы. 

Кітап көрмесін салтанатты түрде Беларусь Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысының орынбасары Максим Рыженков, Ақпарат министрі Игорь Луцкий, Жазушылар Одағының төрағасы Николай Чергинец, Мемлекеттік хатшы Григорий Рапота, Президенттің арнайы өкілі Михайл Швыдкой ашып берді. Көрменің ашылу рәсіміне ТМД мемлекеттерінің өкілдері, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
 
«Бізбен бірге осынау қуанышты сәтті бөлісіп отырған көрме қатысушыларына, жазушыларға, шетелдік елшіліктердің өкілдеріне алғыс білдіремін. Біздің кітап көрмеміз құрылған сәттен бастап үздіксіз өтіп келе жатыр. Биылғы жаһанды үрейлендірген пандемия да бізге кедергі бола алмады. Біз Беларусь халқының және әлем жұртының қатарында жаңа кітаптармен танысу үшін осы көрмені асыға күттік», - деді Рыженков. 

Максим Рыженко өзінің лебізінен кейін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың көрме жұмысына сәттілік тілеген арнайы хатын оқыды. 

«Биылғы жыл коронавирус инфекциясының шекараларға қарамайтынын көрсетті. Кітап та дәл сондай, шекараны білмейді. Біздің карантин кезіндегідей кітап оқымағанымызға көп болған шығар. Адамзат кітапқа ең қиын, аса ауыр сәттерде үздіксіз жүгініп отырады, өйткені, ол адамдарды бір арнаға біріктіре алады», - деді Швыдкой. 

Халықаралық Минск кітап көрме-жәрмеңкесіне жиырма мемлекет қатысып отырғанымен, онлайн форматтағы трансляция күшімен дүние жүзіне таралды. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы да Минск қаласында өтіп жатқан дүбірлі көрмеге отандық баспалардан жарық көрген таңдаулы еңбектерді жөнелткен. Бүгінде қазақстандық қаламгерлердің еңбектері Беларусь топырағында күллі ғалам назарында тұр. 
Дәстүр бойынша Халықаралық Минск кітап көрме-жәрмеңкесі аясында «Жазушы және уақыт» («Писатель и время») атты халықаралық симпозиум өтеді. Пандемия жағдайына байланысты бұл симпозиум биыл онлайн түрде өтеді. 

Симпозиумда Қазақстан Республикасы атынан Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Бақытжан Қанапиянов баяндама жасайды.
Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы