Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына шығармалар қабылданады
«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына шығармалар қабылданады
05-04-2021
Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына 2020 жылдың 2 қарашасында енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға байланысты «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасына өтінімдер қабылдау және алдын ала іріктеу жұмыстарын жүргізу міндеті Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жүктелген. 

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы бұл міндетті қабылдай отырып, «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына шығармаларды онлайн қабылдау, жалпы оқырмандар мен мекеме жанынан құрылған Тәуелсіз сараптама комиссиясы мүшелерінің баға беруін қамтамасыз ету мақсатында жаңа платформа әзірледі. 

«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына кітап ұсыну талаптары: 

1-қадам. Мемлекеттік бағдарламаға шығармалар қабылдау уақыты 2021 жылдың 1 маусымына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында баспалар мен авторлар арнайы платформаға тіркеліп, автоматтандырылған жүйе сұраған құжаттар мен еңбектің аңдатпасын жүктеуі тиіс. 

2-қадам. Бағдарламаға ұсынылған еңбектердің және құжаттардың дұрыс тапсырылғанын Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының жауапты бөлімінің қызметкерлері (модераторлар) қадағалайды. 1 маусымда қабылдау уақыты аяқталып, модераторлар талапқа сай барлық еңбектерді бір мезетте сайтта жариялайды. 

«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасына шығармалар ұсыну үшін қажет құжаттар: 
1) А4 форматындағы әдебиеттің және оның 2-3 парақтағы қысқаша мазмұнының электрондық нұсқасы, шет сызықтары: сол жақ шеті – 25 миллиметр, оң жақ шеті – 15 миллиметр, жоғарғы шеті – 20 миллиметр, төменгі шеті – 20 миллиметр, Times New Roman қарпімен басылған, № 14 мөлшері, «біржолдық» жоларалық интервалда және (немесе) PDF форматында фотоальбом, сурет-альбом, кітап-альбом;
2) «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның 31-бабына сәйкес жасалған айрықша құқықтарды беру туралы нотариалды куәландырылған авторлық шарттың (заңды тұлғалар үшін) көшірмесі;
3) автордың ұсынған туындысын уәкілетті органмен интернет-ресурсында орналастыруға жазбаша келісімі (авторлық шартта ондай келісім болмаған жағдайда);
4) өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған заңды тұлғамен айрықша құқықтарды беру туралы авторлық шарт жасасуға автордың жазбаша келісімі.

«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасына келесі тоғыз аталым бойынша шығармалар қабылданады: 
1. Энциклопедиялық және анықтамалық әдебиеттер.
2. Жастар мен балаларға арналған әдебиеттер.
3. Өнер және мәдениет туралы әдебиеттер.
4. Көркем әдебиет.
5. Танымдық әдебиеттер.
6. Қоғамдық-саяси әдебиеттер.
7. Ғылыми әдебиеттер.
8. Аударма әдебиеттер.
9. Мерейтойлар мен атаулы даталарға қатысты әдебиеттер.

Ағымдағы жылдың 1 маусымында сайтта жарияланған еңбектерге ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін жалпы оқырман, барлық интернет қолданушылары дауыс бере алады. Осы аралықта мемлекеттік бағдарламаға ұсынылған еңбектермен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы жанынан құрылған Тәуелсіз сараптама комиссиясы да танысу жұмыстарын жүргізеді.   

«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына ұсынылған еңбектерге дауыс беру тәртібі: 

- дауыс беруші мемлекеттік бағдарламаға ұсынылған еңбектерді алдын ала іріктеуге арналғай арнайы сайтқа кіріп, қажетті аталымды таңдап, кез келген еңбекке дауыс бере алады; 
- дауыс беру үшін мәтіннің сол жағындағы сурет астында орналасқан лайк/дизлайк түріндегі батырманы басу керек; 
- бір интернет қолданушысы бір кітапқа тек бір рет қана дауыс бере алады; 
- дауыс беру туралы батырманы басқаннан кейін бұл әрекетті жоққа шығару мүмкін емес; 
- ең көп дауыс жинаған кітаптар сайттың сол жақ қапталында автоматты түрде алмасып отырады. 

1-тамыздан бастап Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы жанынан құрылған Тәуелсіз сараптама комиссиясы интернет қолданушылары берген дауыстар санын ескере отырып, шығармаларды бес балдық жүйе бойынша бағалайды. Осылайша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасының алдын ала іріктеуден өткен еңбектері Ведомствоаралық комиссия қарауына ұсынылады. 

Мемлекеттік бағдарлама аясында шығатын еңбектердің нақты тізімін Ведомствоаралық комиссия мүшелері бекітеді. 

«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына кітап ұсыну үшін келесі сілтемеге өтіңіз: ІРІКТЕУ-2022
Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы