Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Кітап палатасына арнайы келген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлзира Елебаева үздіктердің марапатын өз қолымен табыстады. 
Кітап палатасына арнайы келген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлзира Елебаева үздіктердің марапатын өз қолымен табыстады. 
02-09-2021

 

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы – 80 жылдам астам тарихы бар, ел руханиятындағы орыны бөлек мекеме. Кітап палатасының мұрағатындағы бес миллионға жуық еңбектердің жүйелі жиналып, осы күнге дейін сақталуына үлес қосқан қызметкерлер ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 

Кітап палатасына арнайы келген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлзира Елебаева үздіктердің марапатын өз қолымен табыстады. 
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Салменбаева Толқын Тұрғалиқызы мен екі тәжірибелі қызметкер – Күлзада Нұралиева және Жібек Жексембаева «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері атанды. 
«Еліміздің мәдениет саласындағы ұзақ жылдар бойы еткен елеулі еңбектеріңіз, архив істерін дамытуға қосқан сүбелі үлестеріңіз бағаланады. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында біз саладағы үздік мамандар қатарында сіздерді де осы марапатқа лайық деп білдік. Өздеріңіздің жиған тәжірибелеріңізді, көрген-білгендеріңізді жас мамандарға үйрете беріңіздер. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!» - деді ол. 
Кітап палатасының директоры Әділ Қаженбайұлы өз кезегінде саладағы салмақты марапатқа ие болған қызметкерлерді құттықтап, олардың қызмет жолы, мекемеге сіңірген еңбегі туралы тарқата айтты. 

Төсбелгі иеленген қызметкерлер атынан Кітап палатасы директорының орынбасары Толқын Тұрғалиқызы сөз алып, министрге және комитет төрағасына алғысын білдірді. 
«Біздің жұмысымызды елеп-ескеріп, айтулы мереке қарсаңында марапатқа ұсынған басшымызға, оны қолдаған жоғары басшыларға алғыс білдіреміз! Арнайы марапаттауға келген Гүлзира ханымға да рахмет айтамыз. Қызметкерлерді ынталандырып, жас мамандардың ұмтылысын, ынтасын арттыратын осындай дүниелер көп болсын!» - деді ол.
Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы