Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасап, бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көтерді және жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. 
Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасап, бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көтерді және жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. 
02-09-2021
 
Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасап, бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көтерді және жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. 

Президент жолдауы халық тарапынан да қолдау тапты. Жалақының шектік мөлшерінің 60 мың теңгеге көтерілетіні, жұртшылықты баспанамен қамтамасыз ету, сапалы білім беру, сапалы медициналық қызмет жөніндегі бастамалары көпшіліктің ықыласына бөленді.
 
Халықтың 6,5 миллион өкілі жалақыға жұмыс істейтінін айтқан мемлекет басшысы Үкіметке бизнесті өз жұмысшыларының жалақысын арттыратын шаралар әзірлеуге тапсырма берді. Бұл – аз уақыт ішінде қарапайым жұртшылықтың әлеуметтік ахуалын жақсартуға деген ұмтылыс. 

Президенттің әлеуметтік жағдайды түзеу, өсіп бара жатқан инфляция бойынша жұмыс істеу және банктерді мемлекет бюджеті есебінен қаржыландыруды тоқтату сияқты өткір бастамаларын барша қазақстандықтар қолдап, әлеуметтік желілерде тоқтаусыз жазбалар жазуда. 
Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі туралы мәселелерге кеңінен тоқталып, қазақ тілінің әлеуетін арттырып, салмағын күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Ұлттық қауіпсіздік, әскери дайындық және халықтың қауіпсіздігі жөнінде айтқан мемлекет басшысының нақты бастамалары мен тапсырмалары – күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешуге бағытталған нақты шаралар. 

Біз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамаларын толық қолдай отырып, тапсырмаларды орындауға білек сыбана кірісеміз! 

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры              Ә. Қойтанов
Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы