Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Көрнекті жазушы Әнес Сарай дүниеден озды
Көрнекті жазушы Әнес Сарай дүниеден озды
03-02-2021
Бүгін қазақтың аса көрнекті жазушысы, қазақ тайпаларының тарихын терең зерттеген қаламгер Әнес Сарай 84 жасқа қараған шағында дүние салды. 

Қазақ әдебиетіне «Еділ-Жайық», «Мұнаралар шақырады», «Қараша өткен соң», «Тосқауыл», «Алтын арал», «Ақ тымық күн», «Асылдың сынығы», «Исатай-Махамбет», «Адайлардың арғы тарихы» сияқты іргелі еңбектері арқылы сүбелі үлес қосты. 

Әнес Сарай саналы ғұмыры қазақ даласының тарихын зерттеуге, нақты деректерге негізделген әдеби еңбектер жазуға жұмсады. Оның шығармалары бірнеше мәрте басылып, талғамы жоғары оқырмандардың сұранысына ие болды. 

Марқұм тарихи-әдеби еңбектерді жаза жүріп, драматургияны дамытуға да күш салды. «Мұқым менің», «Ару Алматы», «Тымырсық», «Қу Тазша» пьесалары, «Біз – жастармыз», «Атаман Анненковтың күйреуі» фильмдерінің сценарийлері – сөзіміздің айқын дәлелі. 
Жазушы ғұмырындағы ең соңғы сұхбатын Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының «Асыл сөз» жобасына беріп еді. Сұхбат қаламгердің 83 жасқа толған күніне орай «Қазақ әдебиеті» газетінде басылды. 

Сол дидар-ғайып жүздесуде Әнес Төлендіұлы өмірі мен шығармашылығына қатысты шешіле сыр тарқатқан. «Исатай-Махамбет» еңбегін жазуға аруақтардың өзі «Нарын құмын арала, арала» деп рұқсат етіп, батырлар рухынан бата алғандай әсерде болғанын, өзі қалам тартқан тақырыптардың маңызын, әдебиеттің ахуалын сөз еткен. 

Асыл сөзі – ақ батасын бере отырып, жастарға, өзінен кейінгі буынға тапсырма бергендей сөйлеп еді-ау. «Оқылмаған әдебиет – өлген әдебиет». Жазушының нық сеніммен айтқан пікірі. Бұл – ізбасар буынға лайықты тұлғаның ғана қоя алатын шарты. Бұл – аманат. 
Жазушы ақырғы сұхбатында «Мен әлі күнге дейін Әбішті сағынамын, Әбішті жоқтаймын» деп тебіренген еді. Енді қалың елі – жұрты әдебиетке әбден еңбегі сіңген қарымды қаламгері – Әнес Сарайды жоқтайды. 

Марқұмның жақын-жуықтарына, отбасына қайғырып көңіл айтамыз! Оның қаламынан туған еңбектер ғасырлар бойы ұрпақ жадына жаңғырып тұрары сөзсіз!
Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы