Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасының жаңа механизмі талқыланды
«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасының жаңа механизмі талқыланды
30-12-2020

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы биылдан бастап ҚР «Мәдениет туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және сатып алу» бағдарламасына ұсынылған шығармаларды іріктеуге міндеттелген. 

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы респуликалық мемлекеттік мекемесі «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына ұсынылған шығармаларды іріктеудің жаңа механизмін дайындады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ашықтық» саясатына орай, мемлекеттік бағдарламаға ұсынылған шығармаларды көпшілік алдында іріктеу – жаңа бастама, маңызды қадам. 

Осы жаңа бастаманы жүзеге асыру барысында жобаны талқылау мақсатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Мұратұлы Дәуешов және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев Кітап палатасына ат басын бұрды. 

Талқылауға Нұрқиса Дәуешов, Арман Жүдебаев, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлы, Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясының вице-президенті Алмаз Шәйкен, «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына ұсынылған шығармаларды онлайн іріктеуге арналған платформаны құрастырушы, «Ақпараттық-технологиялық орталығы» Қоғамдық қоры Қанат Таңатаров және Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының бірқатар қызметкерлері қатысты. 

Мекеме басшысы – Әділ Қаженбайұлы «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына ұсынылған шығармаларды іріктеу Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жүктелуінің аса жауапты міндет екенін атап өтіп, онлайн іріктеу механизмін таныстырды. 

«Мемлекеттік бағдарлама арқылы шығатын еңбектерді іріктеу – Респулика көлеміндегі әдеби үдерістің, оқырман сұранысының деңгейін анықтау және сұранысты қанағаттандыру. Ал бұл іріктеуді онлайн форматта өткізу – Президент саясатын жүзеге асыру көрінісі. Бізге ұсынылған кітаптардың барлығына саммари (еңбектің қысқаша мазмұны) қоса беріледі. Іріктеуге шығармалар қабылдау уақыты аяқталған соң барлық кітаптар Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ресми сайтындағы арнайы айдарда орналастырылады. Әрбір кітаптың парақшасында «Голосовать» функциясы орнатылған. Бір IP-мекен-жайдан бір кітапқа бір рет қана дауыс беру мүмкіндігі бар. Голосоватьшінің деректері құпия сақталады, ал барлық дауыс берушілерге таңдалған еңбекке қанша дауыс берілгені көрініп тұрады. Іріктеудің екінші кезеңінде Тәуелсіз сараптама комиссиясы жұмыс істейді. Комиссия жұмысына жүгінуіміздің себебі – мемлекеттік бағдарламаға кітап ұсынушылардың еңбектерін қосымша талқылау. Комиссия мүшелері «Голосовать» нәтижесін ескере отырып, нақты шешімді бекітеді», - деді ол. 

ҚР Мәдениет және спорт министрі Нұрқиса Дәуешов кітап оқу мәдениеті, кітаптың маңызы туралы сөз сөйледі. 

«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасы – бірнеше жыл бойы бұрынғы механизм бойынша жұмыс істеп келген аса маңызды бағдарлама. Бағдарламаның іріктеу механизмін өзгерту арқылы сапаны төмендетіп алмауымыз керек. 

Мысалы, Еуропада, көршілес Ресейде мынандай бір керемет механизм бар: керемет сұранысқа ие болатын көлемді кинокартиналардың алдымен кітабы шығады. Кітапты оқыған оқырмандардың кейіпкерлерді экраннан көруге деген құлшынысы артады. Соның нәтижесінде кинолар күтілген нәтижеден үш-төрт есе жоғары касса жинайды. Мен өзім Ресейдің атақты «Бригада» деген киносының кітабын оқығанмын. Кітаптан кейін кез келген оқырман сол сюжет бойынша түсірілген дүниені міндетті түрде тамашалайды. Міне, бізге де осындай ашық әрі әділ түрде жүретін механизм керек. 

Бізде балалар әдебиеті бойынша бірқатар мәселелер бар. Балаларға арналған еңбектер А4 форматында шығып жатады. Тартымды деп айтуға келмейді. Бізде қоғам белсендісі, адвокат Абзал Құспан деген азаматтың бастамасымен 30-жылдардағы Алаш арыстарының еуропалық ғалымдармен қарым-қатынасы туралы кітап шықты. Аталған еңбектің тартымдылығы сонша, мен 8 данасын бір-ақ сатып алдым. 1937 жылы бабаларымыз аударған Еуропа әдебиетінің озық үлгілерін бала-шағама ұсындым. Сол кездегі Алаш арыстары өскелең буын даму көшінен кейіндеп қалмасын деп осындай көрегенділік жасапты. Жақында шыққан кітаптың көлемі жіңішке, кішкентай, алып жүруге өте ыңғайлы», - деді ол. 

Осыдан соң Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына ұсынылған шығармаларды онлайн іріктеуге арналған платформаны әзірлеген «Ақпараттық-технологиялық орталығы» қоғамдық қорының директоры Қанат Таңатаров онлайн дауыс беру туралы түсіндіріп берді. 

«Бұл механизм белгілі бір деңгейде көңілден шығады. Дегенмен, дауыс берушілермен кері байланыс орнату жағдайын қарастыруымыз керек. Бұл жобаны биыл алғаш рет іске қосып отырғандықтан Тәуелсіз комиссия күшін сақтауымыз керек. Дегенмен, комиссия мүшелерінің де онлайн дауыс беруін қамтамасыз ету туралы жоба бізді қуантады. Бұл – ілгерілеушілік. Жобаны жүзеге асыру кезінде адами факторды сақтап қалу сапаны сақтандыру мақсатында жасалады. 

Біз енді кітаптарды ұсынушыларды толық құлағдар етуіміз керек. Бұл үшін БАҚ-та насихат жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізілуі керек. Онлайн дауыс беру механизмін қабылдау кезінде мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еститін мемлекет» концепциясын негізге алуымыз керек. Сондықтан, дауыс беруші жұртшылықпен кері байланысқа мән беруіміз керек. 

Осы механизм көңілден шығады. Біз әлі бұл бастаманы талқылаймыз. Мемлекеттік бағдарламаны халықтық талқылауға ұсыну – өте маңызды бастама», - деп баға берді Нұрқиса Мұратұлы. 

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қаженбайұлы талқылау отырысын қорытындылады. 

«Біз Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жүктелген аса маңызды міндетті жоғары деңгейде атқару мақсатында қызу жұмыс істеп жатырмыз. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Мұратұлының осы жұмыстарымызды талқылауға арнайы қатысқаны үшін алғыс айтамыз. Осындай талқылаулардан кейінгі ұсыныстарды ескере отырып, «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасына ұсынылған еңбектерді онлайн іріктеудің бірегей механизмін іске қосамыз», - деп түйді ол. 

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Ыбыраев та отырыс барысында өз ұсыныстарын білдірді. 

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы