Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлері марапатталды
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлері марапатталды
15-12-2020
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті бірқатар қызметкерлерді құттықтады. Онлайн отырысқа Тіл саясаты комитеті, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығы, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы қатысты. Тіл саясаты комитетіне қарасты Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының бір қызметкер «Құрмет грамотасын» және алты қызметкер Алғыс хат алды.

Коронавирус пандемиясына байланысты онлайн өткен отырыс басында Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ә.К.Қаба жыл бойы істелген жұмыстарға шолу жасап, жоспардың орындалғанын айтты. Ономастика, қазақ тілін латын қарпіне көшіру, қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді сатып алу, басып шығару, кітап тарату, баспа ісі, әдебиеттерді насихаттау сияқты бағыттарда үлкен жұмыс атқарылған.

«Биылғы жылдың ең үлкен жетістігі – латын әліпбиін жетілдірудегі нәтиже. 11 отырыс өткізіліп, ғалымдар бірнеше мәрте бас қосты. Отырыстар саны 11-ден де көп болу керек. Ербол Тілешовтың өзі Алматыда бірнеше мәрте кездесу өткізді. Ғалымдар ұзақ талқыдан кейін ортақ шешімге келді. Халықаралық талқылаулар болды, бұл – сіздердің еңбектеріңіз», - деді Ә.Қаба.

Төраға қолынан Г.Нұралиева «Құрмет грамотасын» алса, А.Кыизбаева, Ж.Болатова, М.Есетов, С.Оңғарбекова, Г.Латипова, Ж.Жексембаева Алғыс хатпен марапатталды.

Әділбек Күнесханұлы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан сала қызметкерлері үшін домалуға мүмкіндік жасалып отқанын және осы бағдарлама аясында Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына екі қызметкерге пәтер алу мүмкіндігі берілгенін атап өтті.

Онлайн жиналыстан кейін, ұжымдық жиналыс өтіп, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қаженбайұлы Қойтанов мекеме қызметкерлерін Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының 11 қызметкері мекеме басшысының «Алғыс хатына» ие болды. Жыл бойы мекеме жұмыстарына белсене араласып, ерекше көзге түскен келесі қызметкерлер марапатталды:
Р.Нургельдиева
А.Халтова
М.Есимова
Д.Құдайбергенов
К.Дербисалиевна
П.Садуакасова
Ж.Болатова
А.Илгитаева
Ә.Мәдениет
З.Кетебаев
Г.Мұстафаева


Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы