Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Көне кітаптар және басылымдар» мұражайы ашылды
«Көне кітаптар және басылымдар» мұражайы ашылды
07-12-2020

 Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында «Көне кітаптар және басылымдар» мұражайы ашылды. 

Мұражайдың лентасын Тіл саясаты комитетінің төраға орынбасары Айнұр Мырзабекова, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова және Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет қиды. 
Мұражайға ХІХ ғасырдың орта шенінен бастап ХХ ғасырдың 30 жылдарына дейін жарық көрген құнды кітаптар мен газеттер қойылды. Екі жүзге тарта баспа өніміне аннотация жазылып, көрермен назарына ұсынылды. 
Сөреге қойылған баспа өнімдерінің дені Ташкент және Қазан қалаларында жарық көрген. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы, Ахмет Байтұрсыновтың бірнеше оқу құралы, Бейімбет Майлиннің, Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтың еңбектері мұражайға қойылды. 
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының Баспасөз мұрағатындағы кітаптар ішінен әдебиет, медицина, ветеринария, тіпті, партия бюллетендері таңдалды. Түпнұсқа дүниелерді іріктеп, аннотациясын жазған – филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес. 
«Көне кітаптар және басылымдар» мұражайының ашылу салтанатына келген Айнұр Мырзабекова, Ұлықбек Есдәулет, Бауыржан Жақып, Аягүл Миразова, Есенғали Раушанов, Мереке Құлкенов, Алмас Ахметбекұлы ғасыр бұрын жарық көрген қазақ марғасқаларының еңбектерін тамашалады. 
«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деп Әбіш Кекілбайұлы айтқандай, адамды рухани кемелдендіретін, көңіл көкжиегін, ой тереңдігін қалыптастыратын қасиетті дүниені ардақтау – барша адамзаттың парызы әрі міндеті. 
Ғасыр жасаған кітаптарды жұрт назарына ұсынып, елдің сол кездегі шынайы ахуалы мен жағдайын көрсету мақсатында ашылған мұражай үздіксіз толықтырылып отырады. 
Мұражайдағы өте құнды экспонаттарды арнайы рұқсат арқылы және Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы маманының қатысуымен тамашалауға болады. 
Мұражайдың ашылу салтанатына келген қадірлі қонақтар әйнек сыртынан ғасыр тарихын парақтарына бүккен қасиетті жәдігерлермен танысып, өзара әңгіме-дүкен құрысты. 


 

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы